ҚР Мемлекеттік шекарасын күзетудегі жергілікті халықтың рөлі жөнінде

ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаменті ҚР Мемлекеттік шекарасын күзету бойынша міндеттерді шешу шеңберінде шекара режимін сақтауға шекара аудандарының жергілікті тұрғындарынан ерікті жасақтар институтын құрды.

ҚР Мемлекеттік шекарасын күзетуге және қорғауға жергілікті халықты тарту «Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 886 қаулысымен регламенттелген.
Ерікті жасақ мүшелері департаменттің әскери қызметшілерімен бірлесіп, мемлекеттік шекара режимінің сақталуын бақылайды. Жергілікті халықпен профилактикалық жұмысқа белсенді қатысады. Шекараны бұзу пиғылындағы адамдарды іздеу кезінде көмек көрсетеді.
2021 жылы Департамент учаскесінде ерікті жасақ мүшелері мен жергілікті тұрғындардың қатысуымен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға талпынған жиырмадан астам адам ұсталды.
Өткен жылдың мамыр айында облыстың Федоров ауданы Ленин елді мекенінің тұрғыны В.С. Машконың жәрдем көрсетуімен шекараны заңсыз кесіп өтпекші болған қылмыс жасады деген күдікпен іздестіруде жүрген «В» есімді ҚР азаматы ұсталды.
Қарабалық ауданының «Б» деген азаматының іс-әрекеті де үлгіге айналды, оның арқасында Қарабалық ауданы, Саман елді мекенінде шекараны бұзу әрекетінің жолы кесілді.
Шекара қызметінің негізгі міндеті шекарада құқық бұзушылықтың алдын алу, шекарадан заңсыз өтудің жолына тосқауыл болу. Сондықтан да шекараға жақын жерде шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын жергілікті халықпен алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру маңызы зор.
ШҚ аумақтық органының басшылығы шекара маңындағы әрбір тұрғынды Мемлекеттік шекараны күзету ісінде қырағылық пен азаматтық жауапкершілік танытуға шақырады. Шекараға жақын аудандарда белгісіз адамдарды байқаған жағдайда ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаментінің аудандық бөлімшелеріне мына телефондар арқылы: «Ұзынкөл» 8-771-600-36-37, «Қарабалық» 8-705-310-18-75, «Жітіқара» 8-778-118-60-77 немесе 8-7142-53-13-34 сенім телефонына хабарлауды сұрайды.
Ел қауіпсіздігі оның шекарасынан басталады!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане