Тобылда дзюдо күресі өтті

Тобылда дзюдо күресінен 2008-2010 жылғы туған жігіттер мен қыздар арасында ашық облыстық турнир өтті. «Тобол» спорт кешенінде өткен жарысқа Астана, Ақмола мен Ақтөбе облыстарынан, Қостанай қаласы мен аудандарынан 17 команда қатысты.
Спорт мерекесінің ашылу салтанатында Тобыл кенті әкімі Есмағамбетов Аманжол Бауыржанұлы мен спорт ардагері Шуинов Серік Ережепұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Спорт саласының білікті маманы, талай додалы жарыстарда шәкірттері жеңісімен биік тұғырдан көрінген Тулепов Мейманбек Абдыкадирұлына «Спорт жұлдыздары» жорналының редакциясы алқасының шешімімен «Спорт ардагері» төсбелгісімен марапаттады. Сонымен бірге ашылу салтанатында аудандық Елубай Өмірзақов атындағы Мәдениет үйі мен Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйі өнерпаздары әнмен өрнектеп, «Даймондс» би тобы би билеп, қатысушылар мен жанкүйерлерге көтеріңкі көңіл сыйлады.
Бұл додада тобылдық спортшылар алда болып, өз салмақтары бойынша Ергалиева Нұрайым 1-орын, Бровко Яна – 2 орын, Сүлейменов Арсен 2- орын, Септа Ренат- 3 орын, Исмаилова Севил-3 орын, Коношкина Ангелина -3 орын иеленді.
Байрақты бәсекеде жеңіс тұғырына көтерілу әрбір спортшының басты арманы екені сөзсіз. Ендеше спортшыларға әркез сәттілік пен жеңіс тілейміз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане