Мектеп жанындағы «Театр және балалар» үйірмесі

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_5_52023-3.jpg

Мектептегі театр үйірмесін ұйымдастыру- бұл балалардың өздерін ертегі кейіпкерлері ретінде сезіну,түрлі рольдерді бағындыра білудің ғажайып әлемі. Театр өнері баланың ерте жастан сөйлеу мәнерін жақсарту, көпшілік алдында өзін ұстай білу, жанжақты дамуына ықпал етеді. Театр түрлі бағыттарды музыкалық, театрлық, хореографиялық, психологиялық дамуға әсер етеді. Баланың шығармашылықпен ойлау қабілетін, есте сақтау, және өз қойған мақсатына жете білу дағдыларын тәрбиелейді.
Приозерный негізгі мектебі жанынан «Театр және балалар» үйірмесіне жеті оқушы қатысады. Олар 5-6 сынып оқушылары Кушниренко Артем, Романьяк Сергей, Симонова София, Ярова Дмитрий,Маханков Артем Кожбанова Диана, Момот Вероника. Үйірме өз жұмысын 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастады.Театр үйірмесінің жетекшісі Татьяна Александровна Клименко (география пәнінің мұғалімі) айтуынша:
- «Театр және балалар» үйірмесімен мен балалармен бірге бірінші жыл айналысамын. Біз жаңа нәрсені үйренеміз. Бірінші жартыжылдықта қуыршақ театры құрылды. Балалар өз қолдарымен «Колобок» ертегі кейіпкерлерімен сахналық көрініс жасады. «Колобок» спектаклінің тұсаукесері мектеп алды даярлық сыныбы және мектеп жанындағы шағын орталықтың оқушыларына өте қатты ұнады. Осы жартыжылдықта үйірмеге қатысушылар «Малышарики и ПДД» пластилин мультфильмін жасады, балалар да осы мультфильмге арналған реквизиттерді өздері жасады. Бұл көріністе қала, автомобильдер, жол белгілері бар. Жолдар, реквезиттер жасау үшін үйірмеге қатысушылар ғана емес, бастауыш сыныптың оқушылары да еңбектенді, өйткені бұл жұмыс театрға да, Жол Жүру Ережесі біліміне де қажетті.
Мультфильм жасау бойынша жұмыс қиын, өйткені әр кадрға 20 фотосурет түсіру керек, балалар бірінші бөлімді өздері түсірді. Балалар театрмен айналысқанды ұнатады. Қазіргі кезде біз оқушылармен бірігіп, «О спасении Нюши из малышариков» атты жаңа мультфильм сценариін жазып койдық.
Өнер – балалардың психикалық қалпын, ой-өрісін, мінез-құлқын орнықтырудың басты құралдарының бірі ретінде эстетикалық тәрбие қайнарларының негізгілерінің негізі болып саналады, келешекте көркемдік талғамдарының биік сатыға көтеріліп, саналы да мәдениетті болып өсулеріне игілікті әсер етеді. Қорыта келгенде, театр балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десекте театр – балалар үшін мереке, демалыс орны.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане