- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 27.04.2023 06:28
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 769
Тобыл кентінде көптеген ұлт өкілі тату-тәтті ғұмыр кешуде. Мұндағы халық әр мерекені бір атаның баласындай ауызбіршілікпен өткізуге дағдыланған. Татулықты тіршілігіміздің тірегіне айналдыра білгендіктен болар, көпұлтты мемлекетімізде достық пен бірлік жылжыған жылдармен бірге нығая түсуде.
Тобыл теміржолы белгі беру және байланыс дистанциясында ерекше достық пен өзара көмекке қанық, әрбір қызметкер ортақ нәтиже үшін жұмыс істейді. Ұжымда қазақтар, орыстар, немістер, татар, белорус, украиндар, мордвин ұлттары ортақ шаңырақ астында бірігіп, тату-тәтті, бір атаның баласындай сыйластықпен, бірлікпен қызмет етіп келеді. Ұлттық мерекелердің бәріне бірдей құрметпен қарайды. Ал, 1 Мамыр – Халықаралық ынтымақ күні жылда асыға күтетін мереке санамызға бірлікті, ынтымақты, достықты сіңірген.
-Біздің ұжымның қызметкерлер бірлік пен татулықтың арқасында ұзақ жылдар бойы тұрақты еңбек етіп келеді. Әркімнің ұжымда алар орны ерекше. Жұмысқа жауапкершілікпен қарайтын, тапсырманы уақтылы орындайтын жандар, – дейді мекеме басшысы Бахитжанов Ахат Нурланұлы.– Барлығы да қарапайым, ақкөңіл, әріптестері арасында сыйлы азаматтар. Алдағы уақытта да осы қалпымыздан танбай, еліміздің көркеюіне атсалыса береміз. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымағы мен өзара ауызбірлігіміз нығая түсіп, мемлекетіміздің ұлтаралық татулығы әрдайым берік болып, достық пен бірлік мәңгілік жасай берсін!
– Менің бұл мекемеде жұмыс істегеніме 23 жыл болды. Бір мекемеде осыншама уақыт еңбек етіп келе жатқаныма қуаныштымын. Мұнда тату-тәтті, достыққа берік жандар еңбек етеді. Әркез бір-бірімізге көмек қолымызды созудан тартынбаймыз. Қазіргі таңда жастарға үлгі-өнеге болатын маман болдық. Жастарымыз өте кішіпейіл. Қандай мереке болсын, әрдайым ұйымшылдықпен атап өтеміз. Біздің ұжым оны іспен дәлелдеуде, – дейді көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Тугельбаева Алтнай Ашимбековна.
Достығы берік түрлі ұлт өкілдерінен құралған ұжымның басты қағидасы – татулық. Көпұлтты ұжым бола тұра, өздеріне тән ұлттық құндылықтарын жоғалтпай, бейбітшілікті жоғары бағалайтын осындай еңбек ұжымдары мемлекетіміздің мықты тірегі. 1 май мерекелеріңізбен тағы да шын жүректен құттықтап, дендеріңізге саулық, елімізге бейбітшілік, ынтымақ, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!