Жанұяның басты қағидасы - татулық

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_17_162023-21-9.jpg

Тобыл кентінде әртүрлі ұлт өкілі бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүруде. Бүгінде бірлігі жарасқан берекелі халқы ұлтқа бөлінбей бір-бірімен біте қайнасып кеткен.
Мереке қарсаңында қазақ жігітіне ғашық болып, шаңырақ көтерген Горбик Оксанамен сұхбаттасқан едік. Тату-тәтті өмір сүріп жатқан Горбик Оксана мен Идриков Бекболат Калимжанович Тобыл кентінде тұрады. Отағасы жеке кәсіппен айналысады. Отбасы 6 бала тәрбиелеп өсірген. Қыздары Марина, Анара, Динара, ұлдары Евгений, Серега, Ислам. Үлкендерінің өз отбасы бар. Жанұяның басты қағидасы татулықты берік сақтау, адами құндылықтарды жоғалтпау.
-Отбасымыздың ең құрмет тұтатын мерекелерінің бірі 1-мамыр Бірлік күні. Бұл мейрамды бәріміз асыға күтеміз. Біздің шаңырақта береке мен бірлік бұлжымас қағида. Түрлі ұлттан болсақ та ешқандай түсінбеушілік болған емес. Салт-дәстүрлерімізде бөліп-жармай барлығын да атап өтеміз. Ұлттың түрлі болуы татулыққа еш кедергі келтірмейді. Ең бастысы, бір-бірімізге деген сыйластық болса болғаны, - дейді Оксана Александровна.
Оксана Александровна бірнеше жылдан бері әлеуметтік жұмыскер. Өз жұмысына жанашырлықпен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын, шаршауды білмейтін, еңбекқор жан.
Жанұя қоғамның ең маңызды құрылымы екені баршамызға белгілі. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсінік қаншалықты мықты болса, қоғамның діңгегі де соншалықты берік болары сөзсіз. Мерекеге орай ынтымақты отбасына бақыт, береке тілейміз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане