- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 30.06.2023 06:37
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 527
Құрбан айт - ағайынның ауызбіршілігін арттыра түсетін, мұсылман қауымын имандылыққа ұйытып, барша адамды қанағат пен тәубеге шақыратын ұлық мейрам.
Айт күні адамдар құрбан шалумен ғана емес, сауапты, ізгі, қайырлы амалдарымен Жаратушының рақымына жақындай түседі. Осынау айтулы күндерде әрбір адам игі істер жасауға, жақындарына қамқорлық көрсетуге, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады.
Бейімбет ауданы «Әйет» мешітінде Айт намазынан шыққан жұртшылыққа «Сабина» кафесінде 200 жуық адамға ас берілді. Құрбан айт күні 3 ірі қара 5 қой шалынды. Осынау үш күн бойы аталып өтілетін бұл мейрамның барша мұсылмандар үшін мән маңызы зор, өнегесі өзгеше. Адамдар Ұлы Жаратушы Иеміз – Алла разылығы үшін құрбандық шалып, кедей әрі мұқтаж адамдарға, міксін жандарға қамқорлық көрсетеді. Құрбан айт мерекесі де адамдардың бір-біріне ізгі ниеттер тілеп, бір-бірінің көңіл-күйін көтеріп, ренжітіп алған кездері болса кешірім жасайтын күні ауданның бас имамы Хамзин Ислам Шамғынұлы, ауыл ақсақалдары бірінен соң бірі жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Мерекеде аудандық Мәдениет үйі концерттік бағдарлама ұсынылып, жергілікті ақын Мамай Изтилеу арнауымен ашты. Өнерпаздары ән айтып, күйлерін шертуімен көрермендердің құлақ құрышын қандырды. Сонымен қатар, «Әйет» мешітінде 5 маусым мең 28 маусым аралығында «Имани жаз сауат ашу» курсында оқыған 18 шәкірттерге сертификат табысталды.
Тобыл кентінде Құрбан айт мерекесіне орай «Исмаилов Джаваншир» шаруа қожалығы бір бас ірі қара мал сойып, еті Тобыл кентінің көп балалы және аз қамтылған отбасыларына және зейнеткерлерге таратылып. қайырымдылық көмек көрсетті.
Алланың разылығы, ел-жұрттың амандығы үшін құрбан шалынып, мейірім мен кешірімге үндейтін Құрбан айт мейрамы баршаңыздың отбасыларыңызға ырысы мен берекесін ала келсін! Құрбан айт мейрамында тілеген тілектеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын. Әрбір отбасына амандық, мықты денсаулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін! Күллі мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті де ұлық мереке - Құрбан айт құтты болсын!