Мейраммен қатар келген игі іс

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_27_272023-8.jpg

Қасиетті Құрбан айт мейрамында «№2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі»КММ-не облыстағы «ФАРМАКС-2» ЖШС директоры Жұмабек Омаров өз қаражатынан теледидар сыйға тартты.
Бұған дейін білім ошағында теледидар болмап еді. Осындай жомарт жанның арқасында бұл қажеттілікке де қол жеткіздік.
- Бұл теледидардың мектебімізге тигізер үлесі зор болмақ. Нақтырақ айтқанда, түрлі іс-шараларды қоғамға жан-жақты жеткізу, оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілетін және қызығушылықтарын одан әрі арттыру, мектептің тыныс-тіршілігін жұртшылыққа таныту мақсатында қолданатын боламыз.
Осы сәтті пайдалана отырып, демеушілік көрсеткен Жұмабек Берікұлы мырзаға бүкіл мектеп ұжымы мен ата-аналар атынан және өз атымнан зор алғыс айта отырып, алдағы кәсібіне табыс, отбасына амандық тілеймін!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане