- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 05.07.2023 06:55
-
Автор: Қуантай Нұрайлым сөзімен жазылды Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 541
Жер бетіндегі Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан Астана – Еуразия мен Азияны жалғастырушы алтын көпір, қақпаның кілті болса, күллі қазақ халқының – жүрегі.
25 жылдың ішінде адам айтса сенбестей өзгерген ару Астана өзге елдермен терезесі тең, келешегі кемел болашағы айқын және жұлдызы жарық қалалар қатарына қосылды. Осындай жетістікке жетіп, Астананың алып жатқан асуы – тұғырлы тәуелсіздігіміздің, еңселі елдігіміздің, айбарлы азаттығымыздың арқасы. лемде аждаһаданда айбарлы, ғаламдық жаһанданудан аман өткен Астана бүгінде ұшқыр да қалыпты дамып, жаңаша бағытта көркейіп, гүлденуде. Анаммен Астана қаласына барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанамызда көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікті. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйі, аквапарк Айрлэнд, Набережная, океанариум тағы басқалар бәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар.
Елдігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз мәңгі жасап, қол жеткізген жетістігің молайып, жайнай берсін. Асқақтай бер Ару қала – Астана, Туған күнің құтты болсын –Астана!!!