Мүмкіндігі шектеулі жандармен спорттық жарыс өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_33_332023-17.jpg

«Мен жерден күш аламын» Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қолдауымен «Б.Майлин ауданының мүгедектер қоғамы» мүмкіндігі шектеулі жандармен «тең мүмкіндіктер»атты спорттық іс-шара өткізді.
Спорттың екі түрі бойынша, дартс, мергендік. Іс-шараны ұйымдастыруға Тобыл кентінің жастар ресурстық орталығы, «Думан» Мәдениет үйі, «AMANAT» партиясы, Тобыл спорт кешенінің әдіскері Шевцов С.С. қатысты. Қазір елімізде ерекше балалар өте көп. Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар бүгінде бір-бірімен тығыз байланыста. Балаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Спорттық іс-шараның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға және салауатты өмір салтын ұстануға айрықша назар аудару дейді ұйымдастырушылар. Спорттық жарыста барлық қатысушылар сый-сияпатпен марапатталды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане