Әке- асқар тау

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_35_12435.jpg

Әке деген ұлы есім... Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат.
Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп. Ол өзінің болашағына алаңдап ойланып толғанады. Ол болашақта баласының жақсы болуын қалайды. Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді. Бала қашан болмасын әкені ардақтауы керек. «Әке - асқар тау» деп бекер айтылмаған. Әркім өз әкесін әрқашан өзінен жоғары ұстауы керек. Әкені ардақтау - әркімнің міндеті, себебі әке бұл өмірде өте қымбат адамдардың бірі болып табылады.
Қостанайда Аналар кеңесінің жобасы аясында дәстүрге айналған «Әке – асқар тау» облыстық әкелер фестивалі ұйымдастырылды. Фестивальге Сарыкөл, Бейімбет Майлин, Алтынсарина Ұзынкөл, Әулиекөл, Денисов, Меңдіқара, Жанкелдин ауданы мен Рудный, Лисаков қалаларынан келген отбасылар қатысты. Байқауды ұйымдастырудағы басты мақсат отбасы құндылықтарын насихаттап, жанұядағы жан жылуы мен жағымды көріністерді өскелең ұрпаққа үлгі ету болып табылады. Ұрпақ тәрбиесіндегі әкелердің атқарар рөлі орасан маңызға ие. Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кентінен фестивалға қатысқан Сыздықов Әлім Тайшықұлы ұл-қызына бар өнерді үйреткен. Шарада әр қатысушы өзінің отбасы туралы ат ерттеп, ат әбзелдерін жасап, шеберлік сағатын түсіріп, бейнеролик жасаған. Ал, Әлім Тайшықұлы қой союып, жіліктеп, оның табақ тарту мәзірін түсірген шеберлік сағаты бейнебаяны көрермендермен, ұйымдастырушылардың зор құрметіне ие болды.
- Мен үлгілі әке болуға тырысамын. Менің әкем Тайшық Сыздықов өз балаларына тәрбие беруден ешбір аянған жоқ. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйретті, еңбекке баулыды. Біз үлкендерді, ана мен әкені құрметтеуге тәрбиелендік. Олар біз үшін әрқашан еңбекқорлықтың, жауапкершілік пен сүйіспеншіліктің үлгісі болды. Мен балаларымның ақылды, еңбекқор, білімді, өнерлі, саналы және отбасының намысын қорғай алатынын азамат болуын қалаймын. – дейді Әлім Тайшықұлы. Сыздықовтар отбасы өте өнерлі, бұл фестивалда әкесі, анасы оған өнерлі биші балалары қосылып, ән шырқап, керемет отбасылық көрініс көрсетті. Фестивалға қатысқан Сыздықовтар отбасы диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Отбасына әкелер көбірек көңіл бөледі. Өйткені отбасында әкелердің атқаратын рөлі зор. Әрбір перзент өзінің әкесімен мақтансын!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане