- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 28.09.2023 07:54
-
Автор: Super User
-
Просмотров: 477
Перизат Амин ,
№2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің оқушысы:
Әжелеріміз – тәлім-тәрбиенің бастауы, бізге үлгі – өнеге көрсетер асыл жандар, қазыналы бұлақтың қайнар көзі. Жанұяда бала тәрбиелеуде алатын орны ерекше - осы мейірімді әжелеріміз. Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін татулығын сақтайтын сыйлы анасы , кейінгі жастардың, тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Шохан Уалихановтың Айғаным әжесі, Абай атамыздың Зере, Мұхтар Әуезовтың Дінасыл әжелері қазыналы бұлақтың көзі болған әжелер.
Мен өзім бірінші сыныпқа дейін атам мен әжемнің тәрбиесінде болғанмын. Тұнғыш немереге атасы мен әжесіне бауырына салынатын салт- дәстүр бар, міне сол дәстүр бойынша ата – анам мені атам мен әженің тәрбиесіне беріпті. Үлкен кісілер айтып жатады әжесінің тәрбиесін көрген бала жаман болмайды деп. Өз басым , бұл өте жақсы дәстүр деп есептеймін.
Қарт кісілер таусылмас қазына ғой, жас ұрпақтың ол кісілерден үйренері мол. Демалыс уақытында ауылға ұзақ уақыт бойы бармай қалсақ , әжемнің ыстық бауырсақтары мен «айналайын » деп маңдайымнан сыйпағаның сағынып отырамын. Үнемі ол кісілерге көмектесіп тұрамыз. Ал әжем болса үнемі «Қолыңнан келген көмегіңді аяма » деп үйретіп отырады. Атам және әжемді ерекше қатты жақсы көремін.