- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 05.10.2023 07:06
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 372
Қарттар күні мерекесі – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн.
Жыл сайын бұл күн қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне сай сы-құрмет көрсетіледі. Қазіргі таңда біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына, үлгі, өнеге.
Тобыл кентінде «Думан» Мәдениет үйінде Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Спорт кешені әдіскерлері үстел ойындары: шахмет, шашка ойнатты. Тобыл мектептері ұжымдарының ұйымдастыруымен дастархан жайылып, шай ішіп, қарт ардагерлер бір-бірімен қауқылдасып, керемет күйде болды. «Думан» Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасын Тобыл кенті әкімі Б.Есмағамбетов пен ардагерлер Кеңесінің төрағасы А.Жаворонков құттықтау сөзбен ашып, концерттік бағдарлама жалғасты. Концерт соңында қарт- ардагерлер сый құрметтеріне және кештің өте есте қалардай керемет өткенін айтып, ризашылықтарын білдірді.
Әрбір азаматтың қартайған кезіндегі өмірін лайықты ету – мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі. Қарттар үшін мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған игілікті істер әлі де жалғаса бермек. Дей тұрғанмен, жастық шағын еліміздің гүлденуі мен өркендеп дамуына арнап, маңдай терін төккен аталар мен әжелерге құрмет көрсету тек мемлекет тарапынан ғана емес, бүгінгі жас буынның басты парызы. Сондықтан Тобыл Жастар орталығындағы жас ұрпақтар «Жақсылық жаса» акциясымен қарттарға көмек қолын созды. Қоғам тіршілігіне тынымсыз араласу бүгінгі қарттарымыз тарапынан тұрақты үрдіске айналды. Сондықтан да, бүгінгі күнгі барлық құрмет, шынайы тілек пен ақ ниет қарттарға арналмақ. Денсаулықтарыңыз мықты болып, қуаттарыңыз қайтпай, халықтың ортасынан табыла бергейсіздер. Сіздерге әулеттеріңіз арасында қуаныш пен шаттыққа бөлене беріңіздер, демекпіз.