Ардақты ұстаздарыма

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_40_402023-8.jpg

Жайлыбаева Қазына Жұмағазықызы- Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі, 3 курс студенті:
Ұстаз есімі әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі - ұстаз. Ұстаз деген сөз қазақ баласы үшін қасиетті де қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған»немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «Ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Менде осы ұстаздық жолды таңдадым. Ұстаздық, мұғалімдік, бұл - ең қиын, әрі қызықты мамандық. Ұстаз болу – жүректің батырлығы. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.Ұстазы жақсының шәкірті үздік.
Мен №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінде оқыдым. Ұстаздарыма өте ризамын. Құрметті ұстаздарым, сіздердің қолдауыңыз бен түсінушілігіңіз үшін, сезімталдық пен ықыласыңыз үшін, дұрыс білім мен маған деген сенімі үшін, жарқын сөздер мен жақсы кеңестер үшін рахмет, көмек пен шабыт үшін рахмет. Алиева Гүлнар апай – барды бағалап, айналасындағы жандармен қарым-қатынасында да жоғары адамгершілік көрсете білетін, өз жұмысына, бала тәрбиесіне жаны ашып, асқан жауапкершілікпен қарай білетін, адал да шынайы, өз ісіне жауапты ұстаздардың бірі. Осы үлкен өмірге барар жолда ұстазым Кенжегүл Ахметжанова көп өнеге алдым. Ол оқушылармен қарым-қатынас үйлесімділік құрған ұстаз. Ұстаздарымның келбетінен өз мамандығын сүйетін мұғалім екендігін бірден түсінуге болады.
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Және тағы бір айта кеткім келетін жайт, мектептердің белсенділігі. Кез-келген мереке, сенбілік жұмыстары мектептердің қатысуынсыз өтпейтінін бәріміз білеміз. Мектеп ұжымы әрқашан да қоғамдық іс-шараларға аянбай ат салысып, барлық саладан белсенділік танытады. Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін, мен баршаңызға шексіз алғыс білдіремін!
Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңіз құтты болсын! Мерейлеріңіз үстем болсын!
Әрбір шәкірттің өзі сүйген, жылдар бойы алған тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталуы заңдылық. Себебі, ұстаз - баланы адам қылып тәрбиелеп, күлімдеген, сенің жүрегіңе болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға. «Шәкіртсіз - Ұстаз тұл» деген дана халқымыз, бұл күндері сіздің ізіңізді алдыңыздан түлеп ұшқан қаншама шәкіртіңіз жалғастыруда. Ұстаздарым,сіздерге деген шәкірттік ризашылығым шексіз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане