- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 05.10.2023 07:30
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 477
Мектептегі ата-аналар жиналысының форматы өзгерді. Биылдан бастап, жаңашыл жиналыс еліміздегі барлық мектептерде өтіп жатыр. Жаңашылдық ата-аналарға ұнаса керек, мектеп шақыртуына салғырт қарайтындардың саны бірден азайған.
Экс оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың барлық мектеп ата-аналар жиналысын өткізудің жаңа форматына көшуі туралы ұсынысына сәйкес Тобыл кентінде 20 қыркүйекте «№2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Ұлттық дәстүрдегі отбасылық құндылықтарды дәріптеу» тақырыбында ерекше ата-аналар жиналысы өткізілді. Мемлекеттік тілде оқылатын қазақ мектебі жиналысты қазақы үлгіде, ақ дастархан аясында өткізді. Жиналысты мектебімізде жұмыс жасайтын «Айтыс» үйірмесінің жетекшісі Мамай Тұрысбекұлы «Арнау» өлеңімен ашып берді. Мектеп басшысы Гүльнар Расуловна мектебімізде 2023-2024 оқу жылындағы өзгерістері мен мектеп ережелерімен ата-аналарды құлаққағыс етті. Мектеп психологы Ырысхан Ибрагимұлы ата-аналармен тимбилдинг өткізді. Жиналыс барысында мектебіміздің өнерлі ата-аналары Алим Тайшықұлы мен Әділбек Сырымбекұлы әсем әндерін шырқады.
Ата-аналар жиналыстың өтуіне жоғары баға беріп, осы жиналыс барысында өздерін мектепке қонаққа келгендей сезінгендерін жеткізді. Мектепте өткен жиналыс көптің көңілінен шықты. Білім ордасының барлық оқытушылары ашық сөйлесіп, ата-аналармен еркін сөйлесті.