- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 08.11.2023 11:16
-
Автор: Super User
-
Просмотров: 367
Сотталғандардың қоғамнан оқшауланбай жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауына жол бермеу үшін пробация қызметі мен жергілікті атқарушы органдар түрлі әлеуметтік көмек алуға жәрдемдеседі.
Бейімбет Майлин аудандық прокуратурасының бастамасымен құқық тәртібін, қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету мақсатында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға көмек көрсету мақсатында «Пробация үйі» әлеуметтік жобасы ашылды.
«Пробация үйі» жобасын жүзеге асыру мақсатында аудан прокуратурасының, пробация қызметі бөлімінің, жергілікті атқарушы органдардың, «Үміт-2050» ҚҚ-ның қызметкерлері кәмелетке толмаған балалары бар көмек көрсетуді қажет ететін сотталған С. мен М.-ға барды. Осылайша, сотталғандар М. және С. үшін ең қажетті бұйымдар, балалар киімдері, төсек-орын жабдықтары, сондай-ақ құрылыс материалдары мен жиһаздар сатып алынып, қамтамасыз етілді. Сотталғандар мен олардың балалары өте риза болып, осы шараға қатысқандардың барлығына көмектері үшін алғыстарын білдірді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.