Волейболдан тартысты ойын өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_45_1-3.jpg

Күзгі демалысты тиімді пайдалану мақсатында Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» яғни мектептің тәрбие жоспары аясында 2 қараша күні «№2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ-де мұғалімдер,оқушылар және әкелер арасында дене тәрбиесі мұғалімдері Ақбанов Н.С және Ахмет Б.Н ұйымдастыруымен мектепішілік «Волейбол» жарысы өтті.
Волейбол ойыны барасында жарыстың негізгі мақсаты – «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «үштік одақ» жұмысын жандандырып, дене шынықтыру және спортпен үздіксіз айналысуға тарту.
Жарысқа қатысушыларды мектеп басшысы Г.Алиева құттықтап,сәттілік тіледі.Өнерлі отбасы Қуантай отбасы «әке мен қыз» әнін орындап тамаша көңіл-күй сыйлай білді.Жарысқа мұғалімдер,оқушылар,әкелер қатысты.
Спорттық шараға қатысушы барлық ойыншы командалар ойнаудағы тәжірибелерінің молдығын байқатып, сайыс барысында шеберліктерін биік деңгейде екендігін көрсетті. «Шынықсаң шымыр боларсың!» – демекші, командалардың спорттық ойындарға бейжай қарамай уақыттарын дене шынықтыруға ұтымды пайдаланатындығы сезілді. Командалар өздерінің шеберліктерін, табандылықтарын, жылдамдықтары мен ептіліктерін көрсетті.
Жарыстың нәтижесінде, мектептің үздік командасы анықталып, ауыспалы кубок «оқушылар» командасына табысталды, ІІ орынды «мұғалімдер»,ІІІ орынды «әкелер» командасы еншіледі. Жеңімпаз командаларға кубоктар, мақтау қағаздары табыс етілді. Сонымен қатар ойын кезінде шебер ойындарымен көзге түскен жекелеген ойыншыларға да арнайы дипломдар табысталды.
Ойын соңында сөз алған «әкелер» командасы жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, «мектебімізде осындай спортқа арналған көлемді шаралар жалғасын таба берсін!» – деген ақ тілектерін жеткізді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане