Газет - рухани азық

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_45_1-10.jpg

Алпыс Абзал, Е.Өмірзақов атындағы Мәдениет үйінің мәдени қызметкері:

Газеттің қоғамдағы орнын теледидар да, радио да, интернетте те толықтыра алмайды. «Aiet shamshyragy» газеті - жергілікті жердің тыныс-тіршілігін, ондағы болып жатқан оң өзгерістер мен жағымды жаңалықтарды, мәдениет және білім ордаларында атқарылып жатқан оңды істер мен жетістіктер туралы мақалаларды жалпақ жұртқа жариялап отырған бірден-бір басылым. Аудан өмірінің айнасы, ел ішіндегі жылт еткен жаңалықтарды апта сайын оқырманға құлағдар етіп отырған басылымға жазылуды ортақ мақсат деп санаймыз. Осы орайда жағымды жаңалықтар мен елді қуантып отырған «Aiet shamshyragy» редакциясы ұжымына еңбектеріңізге шығармашылық табыс, қаламдарыңыз ұштала берсін деген тілек тілейміз. Біз басқа басылымға жазыла алмасақ та, аудандық газетке жазыламыз. Жерлестерімді және аудан жұртшылығын «Aiet shamshyragy» газетіне жазылуға шақырамын!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане