- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 09.11.2023 07:00
-
Автор: Өз тілшімізден
-
Просмотров: 381
Жергілікті кәсіпкер азаматтардың қолдауы, аудандық «Әйет» мешіті жамағатының ұйымдастыруымен, дәсүрлі хаһ Исламды насихаттау мақсатында Алла Елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у)-ның туылған күніне арналған «Мәуліт айы-мүбәрәк болсын» атты тақырыпта ұлық мереке - мəуліт мерекесі аталып өтті.
Ұлық мереке Е.Өмірзақов атындағы мәдениет үйінде мерекеленді. Оған ауданымыздың халқы, ардақты қариялар, облыстық мешіттің өкілі және көршілес қалалардың имамдары қатысты.
Рухани кештің жүргізу тізгінін қолына алған аталмыш Мәдениет үйінің басшысы Медет Дәндібекұлы Мәуліт мерекесінің өзіндік айшықтарына тоқталды. Облыстық мешіттің найб имамы Туребаев Тимур Құрманғазыұлы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у)-ның өмір жолдарын тілге тиек етіп, барша жамағатты құттықтады. Рудный қалалық мешітінің бас имамы Исмурзин Сабыржан
Пайғамбарымыздың ерекше қасиеттерін құттықтауына арқау етті.
Ұлық мерекені мерекелеу барысында жергілікті айтыскер ақын Мамай Тұрысбекұлы Пайғамбарға арнап арнау айтса, мәдениет үйінің өнерпаздар Алпыс Абзал, Ілімжанов Тайжан, Жүрсін Таңатхан, Жанай Алма, Бақытжан Нұрислам, Балтабаев Айбек, Ануарбеков Асан ән мен жыр төкті, Мархабат Нокишев бастаған әртістер мәні мен мағынасы, тәрбиелік мәні зор көріністер көрсетті. Рухани кештің соңы Мәуліт мейрамына арналған асқа ұласты. Ас барысында да Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) жайлы мағыналы әңгімелер айтылып, құран бағышталды. Мәуліт мерекесіне берілген асқа демеушілік жасаған кәсіпкер Алтай Наурызбайұлына аудан жамағаты шапан жауып, батасын берді.