- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 14.12.2023 06:26
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 516
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. 1939 жылдың жазы Тобыл станциясының туған күні болып саналады. Елді мекен құрылысы 1939 жылы 19 мамырда басталды, ал 1940 жылы 9 ақпанда Қарағанды көмірімен пойыз жүрді. Сөйтіп, 1939 жылдың жазында Тобыл станциясы осы магистральда пайда болды.
Тобыл станциясындағы алғашқы ғимарат теміржол мектебінің құрылысы болатын. 1940 жылы бой көтерген типтік жобада салынған мектеп - екі қабатты және қызыл кірпіштен салынды. Құрылыс материалдарын мектепке жеткізу үшін арнайы теміржол желісі салынды, жүктері бар вагондар паровозбен жеткізілді. Мектептің құрылысы аяқталып, оны пайдалануға қабылдау туралы құжаттарға 1941 жылдың 20 маусымы /күнтізбе бойынша жұма/ қол қойылды. 1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталды. Сондықтан мектеп Ұлы Отан соғысының құрдасы болып саналады. Оқу орнының алғашқы қадамдары, бүкіл елдің өмірі сияқты, күрделі режимде басталды. 1941 жылдың 1 қыркүйегінде ғимарат қонақжайлылықпен қарсы алып, бір уақытта үш мекеме жұмыс істей бастады: жеті жылдық мектеп, мектеп жанындағы интернат және балабақша. Бірінші директор Федоренко Н.Я болды. Көптеген жастарды білім нәрімен сусындатты.
90 жылдары Кеңес Одағының күйреуі нәтижесінде Тобылда бес мектептің үшеуі жабылды. 2008 жылдың 30 қаңтарында бұл ғимарат Тобыл кәсіптік-техникалық білім беретін лицейі ашылып, 9 сынып бітірген жастар тракторшы және аспаз мамандығын оқыды. «Тобыл кәсіптік-техникалық колледжі» тікелей Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасына карап, 2014 жылы оқу корпусының 2 қабатты ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. 2021 жылға дейін бірнеше студент жастардың білім ордасына айналды. Ал, 2021 жылы «Тобыл кәсіптік-техникалық колледжі» жабылып, №2 Тобыл жалпы білім беретін мемлекеттік тілде оқытатын қазақ мектебі есігін айқара ашты. Қазір Алиева Гүлнар Расулқызы басқаратын бұл сәулетті ғимаратта білім алып жатқан жастар кемелденген Қазақстанның болашағы.
Оқиға жалғасуда... Бүгін бізге бір сәттік оқиға болып көрінетін нәрсе ертең сөзсіз тарихқа айналады. Сондықтан біз халқымыз, еліміз өмір сүрген әрбір күн тарих беттері деп айтамыз.