Кітапханадағы мереке

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_12_122024_9.jpg

16 Наурыз күні «Мәдениет және ұлттық салт - дәстүр күні» орай Байшуақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы Әбілда Мақпал және Набережный ауылдық кітапхананың кітапханашысы Дайрова Орынкүлдің ұйымдастыруымен қазақтың салт-дәстүрі "Бесікке салу" рәсімін өткізді.
Іс - шараның мақсаты: Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрін дәріптеу, соның бірі отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі - бала, баланы бесікке бөлеу рәсімін көрсету.

 

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_12_122024_4.jpg

Бесікке салу рәсімі төмендегідей бөліктерден тұрады:
1. Бесікті адыраспан түтінімен аластаған.
2. Тыштырма ырымы жасайды.
3.Бесік жабдықтарын жасап дайындайды.
4. Тіл көз тимеу үшін үкі немесе тұмар тағылған. Ұл бала болса жастығының астына пышақ салған, ал қыз баланың жастығының астына айна салған.
5. Сәбиді бөлеп болғаннан кейін бесіктің үстіне 7 - нәрсе жапқан.
Жоғарыда аталған бесікке салу рәсімі келген жұртшылыққа кеңінен таныстырылып, дастарханнан дәм татты.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане