Байшуақ ауылындағы Наурыз мейрамы

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_13_132024-11.jpg

Наурыз – ұлттық құндылықтарды жаңғыртатын, бірлік пен ынтымақты нығайта түсетін ізгі мейрам. Оны жаңа сипатта мерекелеудегі мақсат осы уақытқа дейін қалыптасқан тұжырымды түбегейлі өзгерту емес, көне мерекенің бастапқы мәнін қайтарып, оның қыр-сырын толық ашуды көздейді. Мұның бәрі қазақы дүниетаныммен, ұлттық сана-сезіммен және елдің игі өзгерістерге деген ұмтылысымен үндесіп отыр.
Наурызға арналған мерекелік концерт 2024 жылдың 21 наурызында Байшуақ ауылында өтті. Ауыл тұрғындары үшін мерекелік іс – шара ауылдық Мәдениет үйінде болды. Әртістердің өнерін тамашалауға кішкентайдан үлкенге дейін келді. Ауылдық округ әкімі Талғат Түйтебаев ауылдастарын мерекемен құттықтады. Қонақтарға «Наурыз көже» ұлттық тағамы ұсынылды. Сахнада әндер мен музыкалық шығармалар шырқалды. Халықтық әдет-ғұрыптарды көрсету, көңілді флешмоб, спорттық жарыстар өтті. Мереке думанды дәстүр жаңғырған күн деуге болады. Наурыз тойы өте қызықты әрі көңілді өтті. Ұлыстың ұлы күні әрбір отбасына ауызбіршілік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане