Кітапхана - адамзаттың рухани тыныс-тіршілігінің көзі

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_15_152024-5.jpg

Мемлекет басшысының әрбір Жолдауында басты назарға алынатын мәселе – білім мен ғылымды дамыту. Білім беруді ұйымдастыру мен ғылым саласын жүйелендіру – негізгі міндет.
Сондай-ақ, Президент жолдауында мәдениет саласына ерекше көңіл бөлінді. Қоғамның дамуы, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. Білім мен ғылымның, әдебиет пен мәдениеттің інжу маржандары кітап атаулыға шоғырланған. Кітапхана – адамзаттың рухани тыныс-тіршілігінің көзі. Кітапхана қызметін пайдаланушылардың деңгейлері жоғары, сұранымдары өте күрделі, олардың қажетті талап-тілектерін толық орындап, жаңа ақпарат көздерін дер кезінде тауып, жедел хабарлап отыру, әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашу арқылы озық технологияларды енгізуге барынша үлес қосып жүрген кітапханашыларға Мемлекет басшысы ерекше мән беріп қолдау көрсетуі, мамандардың беделін көтеріп, өз қызметтеріне деген қызығушылығын оятып ынталандырады.
- Тобыл селолық кітапханашылары сүйікті ісін зор құлшыныспен атқаруда.- деп бастады сөзін Тобыл селолық кітапханашысы Изтилеу Жаңагүл Аманжолқызы. -Президент Құрылтайдың екінші отырысында «Оқитын ұлт» туралы айтып өтті. Осы жоба негізінде жастарды кітап оқуға баулуда көптеген іс-шаралар өткізілді. Соңғы жылдары кітапхана істері жақсы жағынан байқалуда. Жастарымыз кітапханаға тек кітап оқуға емес, басқа да шығармашылығы жағынан ат салысып отырады. 24 қазан- Кітапханашылар күні болып бекітілді. Бұның өзі үлкен нәтиже. Былтыр ауданымызда кітапхана күні аталып өтіп, үлкен іс шаралар өтті. Белсенді кітапханашыларды марапаттады. Жыл сайын Кітапханашылар күніне Астанада «Ұлттық рухани қазына» атты мәдени қызметкерлердің беделін көтеру мақсатында фестиваль өтеді.
Президенттің тапсырмалары мәдени орын кітапхана саласында оң шешімін табуда. Жолдау қазақстандықтардың әл-ауқатын, мемлекеттік стратегиялық даму бағдарламасын айқындап отыратын ас маңызды құжат. Сондықтан мұрат- мақсаттарымызды бірлесе атқару- азаматтық парызымыз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане