Салауатты өмір салты

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_15_152024-3-2.jpg

Салауатты өмір салты дегеніміз - ол дене шынықтыру жаттығулары, дұрыс тамақтану, жеке гигиена, жаман әдеттермен күресу, қарым-қатынас мәдениеті.
Бір сөзбен айтқанда, салауатты өмір салты — адамның физиологиялық, психикалық, рухани денсаулығын нығайтуға бағытталған кез-келген әрекет. Өмір сүру деңгейің өз қолыңда, өмір сүру деңгейіңді сапалы етіп, өмір сүру салтын таңдау өзіңе байланысты. Соның арқасында өзің ғана емес, айналаңда көркейе түседі. Денсаулық әр адамның ғана емес, тұтас қоғамның баға жетпес байлығы. Қазіргі таңда салауатты өмір салты - денсаулықты жақсартуға бағытталған іс-шаралар көп. Оның негізгі компоненттерінің бірі спортпен шұғылдану.
- Мектебімізде және аудандық оқу бөлімі қызметкерлерімен, аудандық әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері арасында үнемі салауатты өмір салтын жақсартуда түрлі спорттық ойындар мен іс-шаралар жүргізіледі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында режимдік сәттер, серуендер, спорттық ойындар жүзеге асырылады. Ұжымымыздағы әр адамның нақты қоршаған ортадағы физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқатын және белсенді ұзақ өмір сүруін қамтамасыз ететін жеке мінез-құлық жүйесіне әсері мол. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігіне қарасты «Тобыл жалпы білім беретін» КММ белсенді мүшелері салауатты өмір салтын қалыптастыру барысына қойылған мақсаттарымыз бен міндеттерімізді орындауға, жоспарларымызды табысты жүзеге асыруға көмектеседі.-дейді мектеп мұғалімі Лихачева Лариса.
Салауатты өмір салтын ұстануда спортқа деген махаббаты, қоғамға берген баға жетпес байлығы, әрі уақыты өз жемісін беріп жатыр. Сол уақытының бір бөлігін спортқа арнаған Тобыл жалпы білім беретін мектебінің белсенді мүшелерінің зор жетістіктері бар. Атап айтқанда, шаңғы, жеңіл атлетика, теннис, шахмат, дартс, оқ ату, тоғызқұмалақ, баскетбол, футбол, воллейбол спортынан жеңіс алып жүргені соның дәлелі. Президенттік тестен өту бойынша ұйымдастырылған спорттық ойындардан Лихачева Л.В – бірнеше мәрте шаңғы, жаяу жүгіруден чемпион, Мельниктер отбасы дене шынықтыру пәні мұғалімдері бола тұра әр спорт түріне қатысуда белсенділіктерімен жеңімпаз болып келеді. Жақында оқ ату мергендігінен мектеп басшысы Тютюник М.Н – 1 орынды иеленіп қайтты. Ұлттық ойындар спортын насихаттау барысында болған ауылдық мектеп арасында ұжымымыз бас жүлдені иеленіп, 1-орын тоғызқұмалақтан Нурсейтова М.Ж, ал командалық арқан тарту, оқтау тартудан 1-орын иеленді. Волейбол командасы үнемі жаттығу үстінде болады. Мектеп ұжымымызда спортқа жақын мұғалімдер қатары жетерлік. Фитнес клубына барып үнемі дене жаттықтыру маңызды екенін алға қояды. Осындай ұйымшыл мектеп ұжымына алдағы уақытта салауатты өмір салтын ұстанып, өмірдің қызығын сезініп, коғам өміріне белсене араласып, еңбектерініздің жеңісін көріңіздер демекпіз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане