Балалардың өнерге деген ынтасы зор

22-2024 5.jpg1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі.
Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру болып табылады. Елімізде алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әншуақ» балалар әндерінің фестивалі өтті. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бұл өскелең ұрпақтың мәдени өміріндегі ерекше оқиға. Оның басты мақсаты – халқымыздың ұлттық ерекшелігі мен рухани мәдениетін дәріптеу. Фестивальдің ерекшелігі – бұл еліміздің рухани байлығын паш ететін, ең бастысы, өскелең ұрпақтың бойында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» тұжырымдамасына енгізілген дәстүрлі тарихи, рухани, мәдени құндылықтар негізінде тұрақты адамгершілік қасиеттерді дәріптеуге бағытталған. «Әншуақ» балалар фестивалі 1 ақпаннан бастап өтуде. Осы фестивалға №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі балалары қатысты. Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйретуде Ахметжанова Кенжегүл Аманжолқызы көп жұмыстар атқаруда. Балалардың өнерге деген ынтасы зор. 1 маусымда «Әншуақ» фестивалінің шарты бойынша қатысқан балалар өз өнерлерін көрсетіп, мадақтамалар табысталады. Балалардың мәдени және тілдік білімдерін дамытуда, оған қоса қазақ тіліндегі балалар әндерінің репертуарын байытуда осындай фестиваль мен байқаулар өткізілуі өте орынды. Халықаралық балаларды қорғау күні балапан жеткіншектерге бақытты балалық шақ , бейбіт өмір, әрқашан сыңғырлаған күлкі тілейміз! Балаларды қорғайық, себебі бақытты балалық шаққа олар да лайықты!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане