Ұлттық бірегейліктің тірегі

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_22_22-2024_1.jpegМемлекеттік рәміздер ұлттық бірегейліктің қалыптасу тірегі және әрбір мемлекеттің дамуының ажырамас бір бөлігі болып табылады.
Қазақстанда қалыптасып келе жатқан ұлттық тұтастық, біздің Әнұранымыз бен Елтаңбамызбен бірге жасаса алар асуы биік болмақ. Біз егемен Қазақстанның еркін ойлы азаматымыз. Өзіміздің елімізді, жерімізді сүйеміз. Туған өлкемізді қастерлейміз. Біртұтас көпұлтты мемлекетіміздің Конституциясын құрметтейміз. Заңдарын сақтаймыз. Талаптарын орындаймыз. Тәуелсіздігімізді жан-тәнімізбен қорғаймыз. Өркениетті елдер қатарына жету жолында аянбай тер төгеміз. Кез келген елдің дамуы олардың адамдарының Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншіліктеріне тікелей байланысты. Сүйікті Отанымызға деген сүйіспеншілігіміз ең әуелі оның мемлекеттік нышандарын көздің қарашығындай дәріптей білуімізден басталмақ. Нағыз патриоттық осы. Мемлекеттік нышандар – біздің ұлттық мақтанышымыз. Халқымыздың жасампаз рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арманын, өр мақсатын білдіретін құнды белгілер. Ғасырлардан ғасырларға жалғасып келе жатқан қазағымыздың шежірелі тарихында ата-бабаларымыз өз байрағын қашан да алғы шепте марқая, мақтана тік көтере ұстап, майдан даласында, шайқас алаңында жанын қиса да туын төмен түсірмеген. Міне, осындай мемлекеттік нышанға деген құрметті өзімізден кейінгілерге үлгі ете отырып, жас ұрпаққа насихаттау, олардың отансүйгіштік сезімін жоғарылату баршамыздың Отан алдындағы борышымыз болуы тиіс. Отбасынан басталып, мектепке дейінгі мекемелерде, мектепте, арнаулы орта және жоғары білім ордаларында берілетін оқу-тәрбие процестері әрбір баланың өз мемлекетінің атрибуттарын барынша бойына сіңдіріп, отаншыл сезіммен өсуіне тікелей бағытталған. Соның нәтижесінде мемлекеттік рәміздерді насихаттау ісі педагогикалық білім беру жүйесінде және білім беру тәжірибесінде айтарлықтай табыстарға қол жеткізуде. Мемлекеттік рәміздерді меңгеру мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде, барлық білім ұяларында ғана емес, қоршаған орта мен қоғам мүшелерінің қарым-қатынасы аясында да тәрбиелік жұмыстың басты бір бөлігіне айналды, сондай-ақ, жалпы білім беру мектептері мен ҰБТ бойынша да міндетті түрдегі арнайы пән ретінде енгізілген.
Осы талаптың арқасында бүгінгі жастар өз мемлекетінің рәміздерін ата-аналарына қарағанда жақсы біледі десек қателеспейміз. Білсем, оқып-үйренсем дегенге мемлекеттік нышандар жайлы қызықты мағлұматтар да жеткілікті. Әр рәміздің артында үлкен тарих, зор мағына жатыр.
Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек,қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын,Елтаңбасын,Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы,біздің ең киелі құндылықтарымыз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане