- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 18.07.2024 09:55
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 419
Теміржол саласында аянбай тер төккен адамдардың еңбегі қай кезде де елеусіз қалмайды. Қызығынан қиындығы басым саланың жілігін шағып, майын ішкен мамандарға халықтың да алғысы шексіз. Сондай жанның бірі – еселі еңбегімен ел ықыласына бөленген Алгуатов Марат Изгугалиұлы десек артық айтпаспыз. Марат Изгугалиұлы көптің құрметіне бөленіп, теміржол саласына саналы ғұмырын арнаған еңбек адамы.Ол Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Москалев ауылында туған. Отбасылы, жұбайы Маржан да теміржолда еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан. Марат Изгугалиұлы теміржолдағы еңбек жолын 2003 жылы жол жөндеуші болып бастаған. Қазірде ақаутапқыш оператор болып жұмыс жасайды. Кейіпкеріміз ерінбей рельстерді тексеретін аппараттың қыр-сырын түсіндіруге кірісті.
- «Бұл аппарат ақаутапқыш арбасы, яғни жолдың рельсін тексереді, зақымданған, сынған, майысқан, басқадай бұзылған рельстер пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтіретіні белгілі. Сондықтан, міне, осы аппарат көмегімен оны ылғи тексеріп, жай-күйін анықтап отырамыз. Біз, былайша айтқанда, теміржолдың ақауын емдейтін дәрігерлерміз. Осы ақаутапқыш көмегімен жолдың ақауын алдын ала тауып, дер кезінде ауыстырып, яғни апатты болдырмаймыз. Біздің жұмысымызды ҚТЖ-дан тиісті департамент мамандары Астанадан бақылап отырады. Қай жерде, қай сағатта, қай километрде жұмыс істедік, соның бәрі жазулы тұрады. Тобыл станциясында қазіргі уақытта 10 оператор бармыз. Тобыл 5 жаққа теміржол торабы бар.Тобыл- Қостанай, Тобыл – Астана, Тобыл – Ақтөбе, Тобыл –Жітіқара, Тобыл- Қарталы. Операторлар жасалған жоспар бойынша жолды тексеріп отырады. Әр оператордың өз міндеті бар. Жігіттер өз ісінің маманы. Жұмыстарын өте жақсы атқарады. Жастарға айтарым, ең бірінші әр азамат өз ісіне адал, жан ашуы керек. Теміржол өте жауаптылықты қажет етеді. Теміржолда ай сайын еңбек ақысын уақытында алып отырады. 11 айдан кейін жылдық демалысында 36-40 күн демалады. Демалыс (отпуск) ақшасымен бірге ем алуға 1 айлық (оздоровительный) ақы төленеді және (путевка) жолдамамен санаторииге демалуға мүмкіндік бар. Мен өзім Көкшетау дағы Шучинск Сакен Сейфуллин атындағы Боровой шипажайында демалдым. Жыл сайын демалып, ең жақсы деген дәрігерлерге қаралып, ем алуға жағдай жасалған, – деп түсіндірді Марат Изгугалиұлы.
Жетілдірілген заманауи ақаутапқыш аппарат тілін біліп, меңгеру үшін ақаутапқыш мамандар 3 жыл сайын білім жетілдіріп, квалификация көтеру үшін үшін 2 жетілік оқуға жіберіп отырады. Заманына сай аппараттар жаңарып, өзгеріп отырады. Ақауды анықтау үшін ультрадыбыс сигналды құлаққаппен тыңдайды. Содан соң компьютермен тексеріп көреді. Көзбен көріп, екінші рет тағы да ультрадыбыспен көреді. Маманның айтуынша, бүгінде бес тарапқа тартылған жол дистанциясына қарасты жолдардың рельсі осы ақаутапқыш көмегімен тек ескірген зақымданған рельстерді ғана ауыстырып отыр. Жол жөндеушінің жұмысы да, жауапкершілігі де ауыр. Ақаутапқыш маманның жұмысы онымен қоса аса жауапты. Марат Изгугалиұлы теміржолда 25 жыл еңбек өтілі бар. Алгуатов Марат Изгугалиұлы 2004 жылы Қазақстан теміржолының 100 жылдығына мадақтама мен қолсағатпен марапатталды. Теміржол күніне және мемлекеттік мерекелерде теміржол саласы көптеген мадақтамалар мен ақшалай сыйлықтар ұсынылған. Марат Изгугалиұлы табиғатта демалғанды ұнатады. Қай өңірге барса да табиғатты, тау-тасы, өзен –көлдері, ормандарын тамашалап, мешіттер мен мұражайларды, тарихи орындарды аралап, салт-дәстүрлерімен танысуды ұнатады.
Қоғамымызда еңбек адамы бірінші орында тұруға тиіс. Барлық жетістіктің бастауы – адал еңбек және іскерлік. Табысқа жетудің жалғыз жолы – өз кәсібінің шебері болу және ерінбей еңбек ету. Тынымсыз тірлік етіп жүрген Алгуатов Марат Изгугалиұлы сияқты еңбек адамдары үлкен құрметке лайық.