Адал еңбек бар жерде береке де бар

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_30_302024-6.jpg

Наубайшы -бұл кәсібі нан пісірумен айналысатын адам.
Нан әрқашан қасиетті өнім болып саналды. Біздің ата-бабаларымыз бұл өнімді көптеген еңбектің нәтижесінде алған, нан туралы көптеген мақал-мәтелдер, нақыл сөздер мен әндер бекер айтылмаған. Ас атасы-нан. Сондықтан нанның басқа азық-түлік өнімдерінің арасында мәртебесі соншалықты жоғары және онымен бірге наубайшы мамандығының да дәрежесі жоғары. Бұл жерде наубайшылар жұмысының маңыздылығын бағалау қиын. Біз бәріміз жұмсақ тоқаштарды, хош иісті нандарды және дәмді нандарды жақсы көреміз. Бірақ бүгінде үйде нан пісіруге уақыт болмағанда наубайханадан аламыз. Осындай наубайшы ханымның бірі Тобыл кентінде «Ыстық нан» наубайханасында еңбек ететін Аманбаева Гульмира Есенболқызы. Бейімбет Майлин ауданындағы жұмыспен қамту орталығында есепте тұрып, «Пекарь- кондитер» мамандығын оқыған Гульмира Есенболқызы алғашқы тәжірибеден өткеннен кейін, 2022 жылы наубайханада жұмысқа орналасты. Ол Әйет селосында тұрады, 2 баланың анасы.
- Наубайшыларға негізінен бірдей талаптар қойылады. Олар жұмыста ұқыпты, жауапты болуы керек. Бірақ ең бастысы, наубайшы өз жұмысын жақсы білуі және жақсы көруі, оған жанын салуы керек, сонда нан дәмді және хош иісті болып шығады. Наубайшының жұмысы ыстық пештердің жанында өтеді, сол пештен шыққан өз еңбегіңіздің нәтижесін көру өте қуанышты. Ұжым және басшымыз өте жақсы, бірлесіп жұмыс жасаймыз, бір-бірімізге көмектесіп отырамыз.- дейді Аманбаева Гульмира.
Шебер – бұл басқалардың қолынан келмейтін нәрсені қуанышпен жасайтын адам. Шынымен де жақсы наубайшы, өз ісінің шебері Гульмира Есенболқызы қолынан шыққан ыстық бөлке нан, тәтті бал, қант,мейіз, көкнәр тоқаштары, сонымен бірге әр түрлі тағам бәліштер (пицца, кулебяка, сосиски, чесночные булочки) дәмі ерекше баурап алады. Гүлмира ханымға өмірдің әрбір тәтті сәтінен ләззат алып, әрбір идея, әрбір арман шынайы ғажайыпқа айналсын. Әр күніңізге сәттілік тілеп, еңбегіңіз елене берсін демекпіз! Адал еңбек бар жерде береке де бар деген осы.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане