- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 25.07.2024 12:35
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 360
Жаһандағы жағдай күн сайын құбылып тұрған қазіргі кезде шекараны қорғау жоғары деңгейде болуы тиіс.
Шекара әскерлері Қарулы Күштердің негізі болып табылады. Шекарашы жауынгер бүгінде өз ісіне берілгендігімен, әскери борышқа жауапкершілікпен қарауымен, патриотизмнің жоғары сезімімен ерекшеленеді. «Тобыл» (теміржол) өткізу пунктінде шекаралық бақылау тәулік бойы жүзеге асырылады. Күн сайын шекаралық бақылауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуге бұйрықты орындай отырып қызметке кіріседі. Шекаралық бақылау шетелдік жолаушылар, жүк поездарын паспорттық бақылауды және тексеруді жүзеге асыру үшін қызметтік иттер мен техникалық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырылады. Күн сайын шекаралық нарядты ауыстыру өткізу пунктінде шекаралық режимнің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Теміржол станциясының қызмет көрсетуші персоналының өзімен бірге қызметтік құжаттары, жеке басын куәландыратын құжаты, сондай-ақ шекаралық бақылаудың құрылымдық бөлімшесі берген рұқсаттамасы болуы тиіс. Бұл рәсім Мемлекеттік шекараны бұзушыларды, сондай-ақ станцияда қызметтік қажеттілігі жоқ бөгде адамдарды анықтау үшін қажет. Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексіне сәйкес режимді бұзғаны үшін өткізу пунктінде әкімшілік айыппұл белгіленді.
2024 жылғы мамырда Рудный қаласының балалар үйінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің Қостанай облысы бойынша шекаралық бақылау бөлімшелерінің күшімен «Отан қорғаушылар күні» және «Жеңіс күні» мерекесіне орайластырылған іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында кинологтың қызметтік итпен жұмысы көрсетілді. Балалар арасында әуе винтовкасынан ату бойынша жарыстар өткізілді. АК-74 Калашников автоматын бөлшектеу, құрастыру; әскери қорғаныс жиынтығы кию және қашықтыққа граната лақтыру болды. Жарыс жеңімпаздары грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ал, осы жылдың маусым айында «Тобол» (теміржолдық) шекаралық бақылау бөлімшесінің жеке құрамы № 2-ші Тобыл жалпы білім беретін мектебінің 1-6 сынып оқушыларына шекаралық техникалық құралдары мен қару-жарақтарын таныстыру іс-шарасы өткізілді. Бақылау бөлімшесінің әскери қызметшілері оқушылардың қойылған сұрақтарына толық жауап берді.
Шекара күзетшілері көз ілмей күндіз-түні, суықта, ыстықта, мерекеде де, жұмыс күндері де біздің тыныштығымызды қорғайды. Бөлімше шекарашыларының ерен еңбегін Шекара қызметінің басшылығы бірнеше рет марапаттаған. Мемлекеттік шекараны күзетіп, адал қызмет еткісі келетін жастар, патриоттар, шекара қызметіне баруға әрқашан жол ашық.