Теміржолшы - аса жауапты мамандық

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_31_312024-4.jpg

 

Жүйіткіген пойызды басқарап, қаншама халықты барар жеріне аман-сау жеткізіп, пойыздың әр теміріне мұқият болу теміржолшылардың міндеті. Бұл салада аянбай тер төккен адамдардың еңбегі қай кезде де елеусіз қалмайды. Қызығынан қиындығы басым саланың жілігін шағып, майын ішкен мамандарға халықтың да алғысы шексіз.
Осындай теміржолшының бірі, жол жөндеуші (монтер) Ахатов Наби Шаймерденұлы. Еңбекқорлығымен, тиянақтылығымен Наби Шаймерденұлы көзге түсті. Өз ісінің нағыз маманына айнала білді. Қостанай облысы Жангелді ауданы Ахмет Байтұрсынов ауылында туып өскен. Ахмет атамыздың шөбересі болып келетін, Ахатов Наби жұбайымен отбасылы болғанына 32 жыл болған. Қазірде 5 баланың әкесі. Ол теміржол мамандығын мақтан тұтады. Тіпті, балаларына теміржол саласында қызмет етуге кеңес береді. Ахатов Наби «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының құндылықтарын адал ұстануы, жлғары кәсіби шеберлігі мен ерекше сіңірген еңбегі үшін марапатқа ие болған. Қазіргі таңда балаларына ақылшы әке, немерелеріне қамқор ата, теміржолшы Наби Шаймерденұлы:
- Әр қызметкердің жұмысына тиянақты қарап, өзіне берілген міндетті уақытында орындап, қателікке жол бермеуі - үлкен жетістік. Одан бөлек, бұл салада ұжымның жақсы болуы да маңызды болып табылады. Мен бір-біріне көмегін аямай, әрдайым көмек қолын соза білетін тату-тәтті ұжымда жұмыс істегеніме қуанамын. Осы қызметке жеткізіп, бағалап жатқан теміржолға алғысым шексіз! Екінші отбасыма айналған теміржолдың қызметкерлерін мерекемен құттықтаймын. Теміржолда жұмыс істеу денсаулықты қажет етеді. Сондықтан барлық әріптестеріме дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін»,- деп ізгі тілегін білдірді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане