Президенттің 2025 жылды «Жұмысшы Жылы» деп жариялауы – елдегі еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, жұмысшылардың мәртебесін көтеру және кәсіпкерлік қызметтің жаңа мүмкіндіктерін ашуға бағытталған маңызды қадам. Бұл бастама жұмысшылар мен кәсіпкерлердің әлеуетін арттырып, өндіріс саласына, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікке ерекше көңіл бөлуді көздейді.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласы маңызды орын алады, әсіресе мал шаруашылығы. Бұл сала экономика үшін ғана емес, елдің азық-түлік қауіпсіздігі үшін де өте маңызды. Бүгінде көптеген азаматтар өздерінің жеке кәсіпкерлік жолдарын мал шаруашылығымен байланыстыруда. Біз осы саладағы табысты кәсіпкерлердің бірі – Булумбаев Дюсен Калелович және оның мал шаруашылығындағы тәжірибесі мен көзқарастары туралы әңгімелестік. Ірі және ұсақ мал өсіріп, егін егіп, гранулятор ашқан Дюсен Калелович ауыл шаруашылығындағы көпқырлы кәсіпкер. Оның жұмысы тек мал шаруашылығы мен егіншілікті қамтып қана қоймай, сонымен қатар ауыл шаруашылығына қажетті арнайы технологияларды қолдануда. Мұндай кәсіпкер әр түрлі бағыттарда жұмыс істеп, өндірісті тиімді ұйымдастыра отырып, ауыл экономикасын дамытуға елеулі үлес қосады.
Булумбаев Дюсен Калелович 14.08.1972 жылы туған, Рудный қаласының тумасы. 1979 жылы Қарағанды қаласы № 49 орта мектепке барды. 1987 жылы 8 сыныпты бітірді. Сол жылы Қарағанды тау-кен техникумына көмір кен орындарын жерасты игеру мамандығы бойынша оқуға түсті. 1994 жылы үйленген, 7 баласы бар көпотбасылы жанұя. 1992 жылы жұмсақ жиһаз және ортопедиялық матрацтар шығаратын жиһаз цехы ашқан. Ал, 2022 жылы шешім қабылдау қабілетілігімен, жоспарлау мен ұйымдастыру шеберлігі бар кәсіпкер Дюсен Калелович Павлов ауылдық округінде мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын дамыту бойынша «Восток-экспресс» жеке шаруашылығын ашты. Мал шаруашылығы Нелюбинка ауылында өсіп өнуде. Ал, 2024 жылы Апановка ауылында құрама жем өндіруге арналған гранулятор ашты.
-Ең бастысы, өз ісіңе деген сүйіспеншілік болуы керек. Мал шаруашылығымен айналысу – бұл тек қана пайда табумен айналысу емес, ол табандылық пен жауапкершілікті қажет етеді. Қиындықтарға мойымау, жаңа нәрсені үйренуге дайын болу өте маңызды. Әрбір істі жоспарлау керек, мүмкіндіктерді дұрыс бағалау және жаңа технологиялар мен әдістерді қолдануға тырысу қажет. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін бағдарламаларды пайдалануды ұмытпаған жөн.
Мен үшін гранулятор ашу - тек қана өз шаруашылығын дамытуға бағытталған қадам емес, сонымен бірге басқа фермерлер мен мал шаруашылығы кәсіпорындарына да сапалы жем өндіруге көмек көрсету мүмкіндігі. Бұл өндіріс жергілікті нарықта сұранысқа ие және ауыл шаруашылығының дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Гранулятордың өндірісі — ауыл шаруашылығының басқа да салаларымен үйлесімде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, әрі заманауи технологияларды енгізу арқылы өнімділікті арттырады.- дейді кәсіпкер Булумбаев Дюсен.
Дюсен Калеловичтың тәжірибесі мен көзқарастары жеке кәсіпкерлік әлемінде нақты мысал болып табылады. Бұл саладағы бизнестің даму жолы қиын, бірақ дұрыс жоспарлау мен мемлекеттік қолдауды пайдалану арқылы оны табысты етуге болады.
Кәсіпкерлік – бұл тек бизнес құру ғана емес, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктер ашып, қоғамның дамуына үлес қосу жолы. Кәсіпкерлер жаңашылдыққа, тәуекелге баруға, қиындықтарды жеңуге қабілетті адамдар. Олардың өз ісін дамыту барысында көрсеткен талпынысы мен қажырлы еңбегі, еліміздің экономикалық тұрақтылығын нығайтуға және жұмыс орындарын көбейтуге септігін тигізеді. Сол себепті кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту, әрбір ел үшін стратегиялық маңызға ие.
08.05.2025 09:20
В районном Доме культуры села Әйет 30 апреля прошло праздничное мероприятие «Достық Шаңырағы».Мероприятие собрало вокруг себя 7 национальных культурных центров,...
08.05.2025 09:19
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:18
В рамках исполнения государственных программ и проектов на постоянной основе проводятся встречи с населением. По утвержденному плану работы аким района...
08.05.2025 09:16
Тобыл қаласындағы спорт кешені ашылған күннен бастап, 2010 жылдан бері осы мекемеде табанды еңбек етіп келе жатқан Панчук Светлана Станиславовна...
08.05.2025 09:14
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:13
Әр елдің тірегі – ер-азамат, ал ердің еліне деген сүйіспеншілігі оның Отан алдындағы борышын өтеуінен көрінеді.Осы орайда, жақында ғана Отан...
08.05.2025 09:11
1 мая, в День единства народа Казахстана, село Айет стало частью масштабного республиканского спортивного движения - «Бірлік жүгірісі–2025», приуроченного к...
08.05.2025 09:08
Развитие института государственной службы в Костанайской области демонстрирует устойчивую динамику и отражает ключевые направления Концепции развития государственной службы Республики Казахстан...
08.05.2025 09:07
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941–1945) майдан даласында қан төккен жауынгерлермен бірге тылда жан аямай еңбек еткен жандардың да ерлігі ұмытылмайды.Олар...
08.05.2025 08:59
Быржан Есенгалиев, преподаватель НПВ В этом году особенная дата – 80 лет со Дня Победы в Великой Отечественной войне. В канун Дня...
08.05.2025 08:57
В канун празднования 80- летия Победы в Великой Отечественной войне 2 мая 2025 года в стенах общеобразовательной школы имени Б....
08.05.2025 08:56
Менің әкем – Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Әкем Темірбеков Кәрім Жабықпайұлы 1914 жылы Торғай облысында Қызбел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын...
08.05.2025 08:54
Лоова Мара Васильевна, Ставропольский край село Кочубеевское (Россия)Приближается самый значимый для истории праздник, День Великой Победы. В этом году мы...
08.05.2025 08:53
Уважаемая редакция! Я, Мищенко Тамара Константиновна, накануне замечательного светлого праздника 9 мая хочу рассказать о своих родителях, ветеранах ВОВ, Ищенко...
08.05.2025 08:51
Айгуль Мадиева, руководитель районного отделения АО «Казпочта» В преддверии Дня Великой Победы – 9 Мая мы вспоминаем добрым словом и светлой памятью всех тех,...
08.05.2025 08:50
Ұлы Отан соғысының ардагері Мадиев Оразалы 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданының Кіндіксай ауылында туған.Бастауыш мектептің мұғалімі болған, Қостанай...
08.05.2025 08:49
В этом году мы отметим 80-летие Победы в Великой Отечественной войне - одну из важных дат мировой истории.Этот юбилей станет...
08.05.2025 08:46
5-7 мая Казахстан с государственным визитом посетит Генеральный секретарь ЦК Компартии Вьетнама5-7 мая по приглашению Президента Касым-Жомарта Токаева Казахстан с...