Әлеуметтік қызметкер - алғыс арқалайтын мамандық

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_34_342024-5.jpg

Бүгінде елімізде мүмкіндігі шектеулі, мүгедек, қарт адамдарды қоғамға бейімдеу мәселесіне ерекше ден қойылып отыр. Бұл істе әлеуметтік қызметкерлердің алатын орны ерекше.
Әлеуметтік қызметкер – арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар мамандық иелері. Әлеуметтік қызметкерлердің міндеттері мен жұмыс тәртібі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрінің бұйырығымен бекітілген. Сол құжатта үй жағдайында әлеуметтік қызметкерге мұқтаж деп көрсетіліп, қаулы шығарылып, оған орай жергілікті атқарушы орган әлеуметтік қызметкер тағайындайды. Жергілікті атқарушы органның шешімі шыққаннан кейін әлеуметтік қызметкер бөлінеді. Үйіне барып жұмыс кестесі, жеке жұмыс жоспары жасалынып, күнделікті қандай жұмыстар атқаратыны белгіленеді. Әлеуметтік қызметкер бірнеше саланы меңгеруі керек. Ол дәрігер де, заңгер де, ұстаз да, психолог та бола алуы қажет. Өйткені, әлеуметтік қызметкер көмегіне жүгінетін адамдардың жағдайы әртүрлі. Әлеуметтік қызмектер болу адамның мінезі мен ішкі болмысына байланысты екенін айтты мамандар. Осы бір қиын да қызыққа толы мамандық туралы Тобыл кенті әлеуметтік қызметкері Бикторова Сания Акановнамен тілдестік едік.
-Әлеуметтік қызметкер болып жұмыс жасап жүргеніме 2 жыл болды. Менің қамқорлығымда бес адам бар, олар – Липчанская Валентина Николаевна, Горячева Дарья Борисовна, Брынза Галина Николаевна, Базанова Наталья Михайловна, Панкова Галина Ивановна. Мен адамдарға көмектескенді ұнатамын, әсіресе үлкен адамдарға менің келгеніме екі есе көп көмек керек Тұрмыстық қызметтен басқа, қарт адамдар үшін қарым-қатынас маңызды. Олармен сөйлескен кезде олардың көңіл-күйінің қалай көтерілгенін көремін. Үлкен кісілерге зор денсаулық тілеймін, біздің көмегімізбен олардың өмірлері бұдан да ұзақ болады. Әлеуметтік қызметкер болып өз жұмысын жақсы көретін, адамға шын мәнінде жаны ашитын, кең жүректі, күйзеліске төзімді жан-жақты, мейірімді болумын қатар, адаммен жұмыс жасай білу керек. Әлеуметтік қызметкер ретінде жұмыс істеп жүргеніме қатты қуанамын. Бұл маған арналған мамандық екенін түсіндім. Өйткені өзім мейірімді, сабырлы адаммын. Маған жұмысым ұнайды. Мен әлеуметтік қызметкер болып жүріп көп тәжірибе жинадым– дейді Бикторова Сания. «Әлеуметтік қызметкер» атағын абыроймен алып жүрген, өз жұмысына шын ықыласпен кірісетін, осындай жүгі ауыр көшті бастап жүрген Сания Акановна еңбегін ерекше атап өтуге болады. Тағдыр жазуымен егде жаста жалғыз өмір сүруге мәжбүр қарттар мен дерттері жас талғамайтын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де ыңғайлы, жүйелі жағдай жасау – біздің қоғам алдында тұрған маңызды міндет. Бикторова Сания сөзінше, бұл жолда таңдағанына өкінбейді. Әрбір мүмкіндігі шектеулі жанның көзінен кішкентай үміт сәулесін көрудің өзі бақыт екенін айтады. Олар үшін өзгенің проблемасы деген түсінік жоқ, қиналған адам көрсе қолұшын созып, көп саралап жатпай қолынан келген көмегін көрсетеді. Әлеуметтік қызметкерлердің осы салада тұрақтап қалуы да осы қасиеттерінде. Қызмет алушының бабын табу мақсатында қалтқысыз қызмет ету, дене күшімен бірге психологиялық табандылықты да қажет етеді.
Тағдыр жазуымен егде жаста жалғыз өмір сүруге мәжбүр қарттар мен дерттері жас талғамайтын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де ыңғайлы, біртұтас ағзадай жүйелі жағдай жасау – біздің қоғам алдында тұрған маңызды міндет. Мұндай міндет кең жүректі, адами бейнесі айқын, өзінен гөрі өзгелерге болсын дейтін адамның ғана қолынан келері анық. Айналамызда осындай мейірімді адамдардың көп болғаны қандай ғанибет!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане