Еңбек - өмірдің мәні

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_34_342024-7.jpg

 

Мақала да ерен еңбекті қажет ететін айтулы мамандық пен маман иелерінің қиын да қызықты қызметі жайында сөз болады. Мамандығына деген құрмет пен адалдықты ұстанған маман иелерінің жұмысының астарында үлкен еңбек жатыр. Біз тек нәтижені ғана көреміз. Маман иесі болу мен сол мамандыққа бар жан-тәнімен берілу, қиындығына төтеп беріп, қызмет ету бір бөлек.
Әрбір мамандықтың қиындығымен қатар қызықты тұсының болары анық. Мамандық таңдаудан жаңылыспау, таңдаған мамандығыңды, жасаған жұмысыңды шын ниетпен, беріліп жасау, мақсат пен міндет қойып, діттеген нәтижеге қол жеткізуді көздеу маңызды. Еңбек адамының ерен еңбегі мен әрбір жетістігі елеусіз қалмауы тиіс. Әр үздік нәтиже мен қиын жұмыстың астарында бір адамның үздіксіз қызметі мен маңдай тері жатыр. Еңбексүйгіш, еңбекқор және еңбекті бағалай білген адам ғана бақыттың дәмін сезеді.
Кәсібін сүйіп, ісіне адалдық таныту – еңбек адамының ең бірінші асыл қасиеті. Бүгін біз Тобыл әкімшілігі аппаратында еңбек ететін білікті маманмен таныспақпыз. Ол, Әмірханова Самал Орынтайқызы Шымкент қаласы Алғабас ауданының тумасы. 2015 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі бітірген. 2015-2016 жылдары Таран ауданының прокуратурасында жұмыс істеді 2017-2020 жылдары Тобыл кенті әкімінің аппараты ММ басшысының хатшысы болып жұмыс істеді. 2024 жылы Челябі мемлекеттік университетін Қостанай филиалын Құқықтану мамандығы бойынша бітірді.
- 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Тобыл кенті әкімінің аппаратында бас маман болып жұмыс істеймін, өзімді азаматтарды әлеуметтік қорғау саласындағы жоғары білікті маман санаймын. Негізінен менің міндеттерім: азаматтарға кеңес беру; әлеуметтік қолдау түрлері, құжаттарды ресімдеу тәртібі және оған қажетті құжаттар туралы толық ақпарат беру; әлеуметтік көмек бойынша өтініштерді қабылдау және тіркеу; әлеуметтік жәрдемақыларды рәсімдеу және тағы басқалар. Мен әрқашан қайырымдылық пен түсіністік таныта отырып, мәселелерді шешуге жан-жақты көмек көрсетуге дайынмын. Барлық белгіленген мерзімдер мен нормативтік-құқықтық актілерді сақтай отырып, өз міндеттерімді орындауға жауапкершілікпен қараймын. Менің ұжымым тату, мейірімді, еңбекқор , өзара сыйластығымыз, қарым-қатынасымыз өте жақсы.
Самал Орынтайқызының 3 баланың анасы. Үлкен ұлы Диас Қостанай автомобиль көлігі колледжін электр механик мамандығы бойынша бітірген. Қазіргі уақытта Тобыл станциясы байланыс желісінің электромонтері болып жұмыс істейді, ортаншы ұлы Мансур 9-сыныпты бітірген, кіші қызы Соледад мектепте оқиды.
Еңбек дегеніміз – қозғалыс. Ойлап қарасақ, мына өмірде еңбексіз адам болмайды. Бір қарағанда жер бетіндегі әрбір адам өзі үшін ғана еңбек етіп жүргендей көрінеді. Алайда сол бір адамның еңбегі тұтас қоғамға әсер етеді.
Сондықтан жер бетіндегі тіршілік етіп жүрген адамның барлығын еңбек адамы деп айтса болатындай. Сөз соңында айтарым, нәтижені ғана емес, ерен еңбекті, сол қызметті жүзеге асырған маман иелерінің қызметін бағалап, құрметпен қарауымыз қажет.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане