Білімді ұстаз - шәкірт мақтанышы

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_40_402024-10.jpg

«Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»... . Иә, бұл мектеп мұғалімі – ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мақтауларды жалғастырсақ, даналық сөздер тізбекбегі шексіздікке ұласады.
Ұстаз мектептің жүрегі іспеттес. Өйткені, олар әрбір баланы жете зерттеп, олардың алда қандай маман болатынына бағдар жасаушы, бәйгеге ат қосатын атбегі сияқты. Ұстаздар жайында қазақ халқының батыр ұлы Бауыржан Момышұлы атамыз: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... . Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» - деген екен...
Олай болса, бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім екенін ұмытпауымыз қажет. Яғни, өз ісіне берілген, кез келген жаңалықты жатсынбай қабылдайтын Ұстаз кез-келген балаға, тұла бойындағы барлық адамгершілік пен сүйіспеншілік қасиетін дарытады.
Қызылорда облысы Қазалы ауданының тумасы Атаубай Бағила Әбнағиқызы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік Университетін Бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алып, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатуда.
2009 жылы тұрмысқа шыққан Бағила Әбнағиқызы бес баланың анасы. Отағасы теміржолда тепловоз жүргізушісі болып еңбек етеді. Биыл 15 жыл отбасылы болып отырған көп балалы отбасында екі қыз бала, үш ер бала бар. Бағила Әбнағиқызы білімі жоғары, педагог-сарапшы, 13 жыл еңбек өтілі бар. Балаларының алды 14 жаста, ең кішісі 1 жаста. Қызы Жанель 9 сынып, ұлым Әнуар 4 сынып, Айбат 3 сынып, Айша балабақшаға барады. Ал ең кенжесі Мұхаммед әжесінің тәрбиесінде.
- Отанымыздағы миллиондаған балаға білім үйретіп, тәрбие тағылымын дарытып келе жатқан мыңдаған мұғалім қауымын төл мерекесімен құттықтаймыз! Өзінің ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтың тәлімгері сіздерсіздер! Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата - анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше, Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы - білімді адам. Тек өз Отанымыздағы білім үрдісімен шектеліп қалмай, әлемдік білім кеңістігіне шығу жолындағы қадамдарыңыздың өзі бәсекелестіктің жолын ашарына көзіміз жетік.
Ұстаз Бағила Әбнағиқызы бар жиған білімін шәкірт бойына дарытып, оқушылардың жан- жақты дамып, үлкен азамат болып өсуі үшін тынбай еңбек етіп келеді. Осы білім саласында еңбек етіп, осы жолда биік белемтерден өткен жігерлі ұстаз Бағила Әбнағиқызына алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз, алдағы келе жатқан төл мерекеңіз құтты болсын! Шәкірттеріңізге сапалы білім мен саналы тәрбие беруден жалықпаңыз дейміз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане