«Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік іс шара өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_40_3.jpg

Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде қарттар күніне арналған іс-шара өтті.
Іс-шара әр түрлі жастағы адамдар қатысқан қызықты спорттық жарыстардан басталды. Мереке өзінің белсенділігін, өміршеңдігін және спорттық рухын көрсеткен аға буын өкілдерін жинады. Қатысушылар ептілікпен, дәлдікпен және тапқырлықпен жарыс көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға естелік сыйлықтармен марапатталды. Ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты аналарға арналған «Думан» Мәдениет үйі көркемөнерпаздарының мерекелік концерттегі сүйікті әуендері жиналған қауымның қошеметіне ие болды. Мерекеде құттықтау сөз сөйлеген Тобыл кенті әкімі А. Б. Бердалинов қарттарға Тобыл кентінің дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін зор ризашылығын білдіріп, оларға зор денсаулық, ұзақ өмір және амандық тіледі.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане