- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 14.11.2024 08:34
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 283
Қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті қаламгер Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Бейімбеттің биігі» атты облыстық ақындар айтысында Тобыл-Торғай өңірінің ақындары қатысты.
Жергілікті ақын айтыскеріміз Ізтілеу Мамай Тұрысбекұлы дүбірлі додада ойға келген сөзді ірікпей, халық күткен дүниелерді ортаға салады. Сөз бәйгесі қазақ әдебиетінің бәйтерегі Бейімбет Майлинге арналды. Ол ұлты үшін аянбай еңбек етті, сол үшін қиянат көрді. Би-аға қазақ өмірінің суретін жасап берді.
Қазақтың рухын іздеген ақындар сахнаға шығып, айтыс сүйер қауымға сүбелі сөз, өрелі өлең өрді. Бейімбет Майлиннің 120 жылдығына арналған «Бейімбеттің биігі» атты облыстық айтыста Ізтілеу Мамай Бас Жүлденің иегері болды.
- Атақты жазушы, ақын, қазақ әдебиетінің қалыптасуына зор үлес қосқан Бейімбет Майлиннің 120 жылдығына орай, оның шығармашылық мұрасын дәріптеп, өскелең ұрпаққа ұлттық мәдениетті насихатталды. Майлиннің әдебиеттегі орны, өмір жолындағы адалдық пен әділдікке ұмтылысы қазақ халқына рухани мұра болып қалды. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығының маңыздылығы еске түсіріліп, оның ұрпаққа үлгі етерлік мұрасы жас таланттардың шығармашылығына шабыт бермек. – деді ақын айтыскер Мамай Тұрысбекұлы.
Бейімбет Майлиннің 125 жылдығында республикалық айтыс Қостанай қаласында өтіп, Мамай Тұрысбекұлы Ыбырай Алтынсарин атындағы жүлдені иеленді. Биыл шәкірттерінің бірі Қуантай Нұрайлым Бейімбет Майлиннің 130 жылдық мерейтойына арналған мүшайрада 3 орын иеленді.
15 қарашада Қостанай облысының Б.Майлин ауданында атақты қаламгердің мерейтойына орай «Бейімбеттің биігі» атты облыстық ақындар айтысы өтеді. Бұл шараға облыс көлемінде кеңінен танылған, шебер ақындар қатысып, өзара өнер жарысына түседі. Бұл айтысқа қатысатын жерлесіміз, айтыскер ақынымыз Ізтілеу Мамай Тұрысбекұлына сәттілік тілейміз!