Бейімбет кейіпкерлерін сомдаған актер

Screenshot_4.jpg

 

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_46_46_9.jpg

 

Нөкішев Мархабат Берікұлы 2013 жылы Елубай Өмірзақов атындағы Мәдениет үйіне жұмысқа кірді. Мархабат Берікұлы «Тамаша» ойын сауық көріністеріне қатысып жүріп, аудандық театр режисері Нина Владимировна мен көркемдік жетекші Айман Астановнаның актерлік шеберлігімен көзге түсіп, қойылымдарға қатысты.
Бейімбет Майлиннің «Келін мен шешей» Сақан ролінен бастады. «Неке қиярда» Жомарттың рөлін сомдаған. «Шұғаның белгісінде» Қасымның қартайған шағы мен ауыл ақсақалы болып екі бірдей рөлде ойнады. «Шаншар молдада» және «Раушан коммунист» партияға қарсы адам ретінде ойнады. Б.Майлиннің «Ауыл мектебі» пьесасында ойнады. Алаштың 500 жылдығында «Ақын тағдыры» деген пьеса қойды, онда Мархабат Берікұлы Мағжан Жұмабаевты сомдады. Бейімбеттің «Жалбыр» қойылымында Жалбыр образын сомдап, ал «Амангелді» киносы желісімен шыққан пьесада Амангелді бейнесін сомдаған. Мархабат Берікұлы сахнада үш балаларымен және жұбайымен бірге де ойнайды.
- Бейімбет Майлин – қазақтың театр өнері мен кино саласының өркендеуіне сүбелі үлес қосқан драматург. Би-аға театрға арнал­ған көптеген пьеса-либретто жаз­ды. Әде­биетке тән жанрдың бәрін қам­тыған Бейімбет драмасы табиғи, сатирасы саяси, әжуаға толы пьесалары кейінгі жылдары Елубай Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары сахнада көрсетуде. Ұлт үшін күн кешкен Бейімбет Май­линнің 130 жылдық ме­рей­тойында қар­саңында Би-ағаның бірнеше шығармала­ры сахналанды. - дейді Мархабат Берікұлы.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане