- Подробности
-
Категория: Рухани жангыру
-
Создано 20.09.2018 05:52
-
Автор: А.Қарымсақова, ҚР-ның еңбек сіңірген мұғалімі, аға ұстаз, еңбек ардагері.
-
Просмотров: 42833
Қазақ халқының пікірінше- Кеңес дәуірінде қазақ тілі өз Отанымызда екінші қатарға ысырылған болатын.
Ал, енді 1989 жылы қазақ тілі мемелекеттік тіл мәртебесін алды. 1997 жылы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін тіліміз конституциялық шешімін тауып, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заң қабылданды. Қазақ тілінде білім беретін мектептер ашылды. Қазақ тілін ересек адамдар меңгеруі үшін, мекемелерде, ұйымдарда дәріс сабақтары жүргізілді. Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында барлық салада кең көлемде қолданылуы керек», - деп атап көрсетілгенімен, шынында, негізгі қолданыс тілі қолданысқа ие болып отыр ма? «Көпшілікке топырақ шашуға болмайды» дегендей, бірақ, әлі қазақ тілінің дыбысын да, әрпін де білмей де, білгісі келмей де жүргендер бар.
Бұл пікірімді жазып отырған себебім – тек қана қазақ тілінде қолданылатын 9 әріпті білмейтіндерге латын қарпін жетік білу оңай бола қоймас... Дегенмен, латын тілін білу – заман талабы болғандықтан, аса көңіл қойып, үйренуге, жазуға, оқуға тура келер...Қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесі де жасалды. Жаһандық көзқарас тұрғысынан қарасақ, латынға көшу – қажетті қадам. Себебі, алдыңғы қатарлы елдердің көбісі осы әліпбиді қолданады. «Олармен тереземіз тең түсу үшін, олармен түрлі қарым- қатынастарда болу үшін қазақ тілінің мәртебесін әлемдік деңгейде көтеру үшін де, жасалып отырған қажетті іс, уақыт талабы» деген Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын біз қолдауымыз керек және бұл саясатты жүзеге асыруымыз керек. Менің байқауымша, аға буын өкілдерінің арасында латын тілін білетіндер бар. Оларға айтар кеңесім: отбасында балаларына, немерелеріне үйретсе, жастар тез қабылдайды. Мен институтта араб, латын тілін оқығанмын. Сондықтан, «Маяк» газетіне түсетін мақалаларды оңай тексере аламын. Бұл тұста жағымды жағдай латын тілін үйренуді, білуді бастап кеткен мектептер, мектептегі ұстаздар бар. Біздің ауданымызда латын әліпбиіне көшу бағдарламасы жарияланып, латын әліппесінің кестесі басылысымен, «Латынға көшу – уақыт талабы» төңірегінде семинар сабақтары,кеңестер, дөңгелек үстел, пікір алмасу, т.б көптеген іс-шаралар өткізілді. 2006 жылдан Қазақстан аумағындағы басталған латынға көшу бағдарламасы біздің ауданымызда да жалғаса береді деген ойдамын. Мен, жартығасырлық өмірімді жастарға білім беруге , оларды адамгершілікке , отансүйгіштікке, тағы басқа құнды қасиеттерге тәрбиелеген ұстаз ретінде «Тілдер туралы» Заңның төңірегінде өткізіліп жатқан саясатты қолдай отырып, біздің ауданымыздағы «Тілдерді оқыту орталығында» латын қарпін үйрететін әдейі кабинет болса, білім беретін мұғалім болса деген пікірімді жеткізгім келеді. Үйренушілерге сәттілік тілеймін!