Көркемөнерапаздар байқауы өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_17_17-2019_6.JPGӨткен аптада Е.Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінде «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты облыстық көркемөнерпаздар байқауы өтті. ХХХІІІ –ші рет өткізіліп отырған байқау - “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы шеңберінде және “Жастар жылы” аясында өткізілді.


Оған бойында таланттың ұшқыны бар ауданның барлық өнерпаздары қатысты. Байқауға өнерпаздар аса дайындықпен келіпті. Олар тақырыпты, барлық жанрды толық қамтуға тырысты.
Аудан өнерпаздарының талантын облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Әзімжанова бастаған бір топ қазылар алқасы бағалады.
Байқау барысында халық әндері, арнау, әр жанрда билер, «Жалбыр» қойылымы, хор, вокалдық топтар бірнеше туындыларды орындады.
Қазылар алқасының ұйғарымымен «Бақтыбайдың әуені» туындысын орындаған ұлт аспаптар ансамблі, «Көктем гүлі» биі мен «Даймондс» би тобы, Арғынбек Бейбітхан орындаған «Аққұм», «Подружки» биін орындаған «Экзерсис» би тобы, Александр Кузьминых орындаған «Япырай», Мағжан Жүсіпов айтқан «Айқаракөз» әні, ерлер триосы орындаған «Ауылым» әні ең жоғары деген 25 баллды иеленді.
Жоғары балл алған өнерпаздар облыс орталығында өтетін облыстық қорытынды гала-концертте өнер көрсетеді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане