- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 08.08.2019 07:19
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 1452
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады.
«Міне, сондықтан да,тіпті, балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Сондықтан Тобыл - ең қадірлі, қасиетті өлке»,- дейді Тобыл кентінің тұрғындары. 3-ші тамыз күні Тобылдықтар екі бірдей мерекені атап өтті. Бірі, Тобыл кентінің 80-жылдық мерейтойы болса, екінші бірі, Теміржол кезметкерлірінің төл мерекесі. Тобыл кентінің 80 жылдық мерейтойы мен Теміржол қызметкерлерінің күнімен құттықтау үшін экономика және қаржы бойынша Қостанай магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Алмаз Маратұлы Найманов пен Қаржы бойынша Қостанай жүк тасымалдау бөлімі директорының орынбасары Ілияс Ануарбекұлы Исмаилов арнайы келіп құттықтады. Тобыл кентіне, Теміржол саласына қосқан еңбектері мен үлестері үшін Тобыл кенттінің үлгілі азаматтары алғыс хаттармен марапатталды. Осынау айтулы мерекеде құттықтау сөзі «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Айнаш Молдакишқызы Даданова мен Тобыл кентінің әкімі Баймагамбет Блянұлы Каукинге берілді. Мереке қарсаңында тек қана ер азаматтарымызды ғана емес, теміржол саласында еңбек етіп жүрген аруларымызды да марапаттады. Теміржолшылар күні-өз қолдарымен елдің құдіретін жасайтын, оның әлеуетін күшейтетін адамдарға құрмет көрсету. Осы саладағы жетістіктер-ең алдымен, нақты еңбек адамдарының жетістіктері, олардың адал еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі екенін ауыл әкімі атап өтті. Мерекелік бағдарлама Тобыл кентінің тұрғындары үшін кітапхана қабырғасындағы көрмемен жалғасты. Кітапханада Тобылдың 80 жылдығы мен Теміржолшылар күніне орай: Тыңға алғашқы келушілер, Соғыс ардагерлері, Ауған соғысы ардагерлері, Тобыл кентінің Еңбек ерлері мен Теміржолшылар еңбек әулеттері және Тобылдың кешегісі мен бүгіні көрсетілді. Тобыл кентінің 1967 жылдан-1995 жылдар аралығындағы фотоальбомдар мен папкалар көрмеге қойылды.