Өнерпаздар «Азия Алтын-2000» ЖШС-де

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_34_34-10407---1-3.jpg15-ші тамыз күні аудандық Е.Өмірзақов атындағы мәдениет үйі қызметкерлері «Азия Алтын-2000» ЖШС қызметкерлеріне концерттік бағдарламамен аттанған болатын.
Бұл жыл сайынғы дәстүрге айналған мәдениет үйі қызметкерлерінің үгіт бригадасын ұйымдастыруымен өткізіліп отыр. Жұмысшыларға тамаша көңіл-күй сыйлаған мәдениет үйі қызметкерлері әдемі әндерімен өнерлерін паш етті. Концерттік бағдарламамен қоса «Азия Алтын-2000» ЖШС директоры Иван Васильевич өз қызметкерлерін, өтіп кеткен туған күн иелерін шын жүректен құттықтап, алдағы жұмыс уақыттарына тек қана табыс тілей отыра, естелік сыйлықтар табыс етті. Бұл дегеніміз- басшының өз қызметкерлерін сыйлап, барлықтарына құрмет көрсетуі. Осы күні барлық қызметкерлер үшін жақсы жаңалықпен толы болды. Себебі, судай жаңа комбайнды барлық механизаторлармен бірге егінге аттандырды. Жалпы айтқанда, «Азия Алтын-2000» ЖШС-нің жинау науқанына сақадай сай тұрғаны көрінеді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане