- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 05.09.2019 06:10
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 1232
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауын тыңдай отырып, мазмұнның өзектілігі мен дер кезінде айтылғанына таңданбасқа болмас. Президент халыққа Жолдауында Үкіметке адам капиталының сапасын жақсартуды тапсырды, «Саңырау» шенеуніктерді сынға алды, елдің саяси жүйесінің болашақ моделін атады.
Жолдаудың жыныстық зорлық-зомбылық және педофилия үшін жазаны қатаңдатуға қатысты тармақтары аса маңызды. Осыған байланысты аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Қайрат Ділдабекұлы Уразбаев өз ойын білдерген болатын:«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауында мемлекетіміздің одан арғы даму бағытын атап өтті. Онда оның сайлау алдындағы бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі нақты іс-қимылдар көрсетілген. Әлеуметтік сипаттағы мәселелермен қатар, құқық қорғау органдарының жұмысына ерекше көңіл бөлінді, оларды реформалауға 173 млрд, теңге, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа қарсы күреске бөлінетіні туралы айтып кетті. Осы бағытта аудандық полиция басқармасы жанындағы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі көп жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Шынында да, зорлық-зомбылықтарға қатысты қатаң шаралар қабылдау қажеттілігі туындады. Өкінішке орай, зорлық-зомбылық оқиғалары біздің ауданда да орын алып отыр. Ағымдағы жылдың басынан біздің бөлімшеге 176 әйел шағымданған болатын.Бұл көрсеткішті 2018 жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр. 2018 жылы бөлімшемізге 146 шағым түскен болатын. Әр жағдай бойынша жеке көмек көрсетіледі.
Президент Жолдауының негізгі бағыттарының бірі жеке тұлғаға қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жазаны күшейту болып табылады. Құқық қорғау органдарының өкілі ретінде мен осындай шешімді толықтай қолдаймын. Менің ойымша, мемлекет адам мен азаматты, оның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. Парламент пен Үкіметке нақты тапсырмалар берілгендіктен, бұл тұрғыда көп нәрсе жақсыға қарай өзгереді деген сенім бар. Әрбір қазақстандық қылмыс үшін міндетті түрде жаза қолданылатынын білуі тиіс»,- деп пікір білдірді Қайрат Ділдабекұлы.
Тәуелсіздік жылдары жинақталған біздің адами, кадрлық және зияткерлік әлеуетіміз Президент айтқан барлық мәселелерді жақын болашақта жүзеге асыруға көмектеседі деп нық сенемін. Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет. Бұл мәселені шешуді Парламентке және Үкіметке тапсырамын»,- деген болатын.
Біз Президенттің жаңа бастамалары ел азаматтарының жүректері мен ақыл-ойынан көрініс табатынына және Қазақстан жақын арада әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына енетініне нық сенімдіміз.