Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі бойынша Мәдениет қызметкерлерін қолдау

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_36_41425252.jpg«Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау» тақырыбында «Думан» Мәдениет үйінде кітапхана, Мәдениет үйі қызметкерлері және көркемөнерпаздар қауыммен бірге отырыс болып өтті.


Отырыс барысында мемлекет басшысының: «Мәдениет қызметкерлерін қолдау қажет. Бұл, ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе, жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламарына қатыса алмайды. Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде», - деп орынды айтылған. Мәдениет қызметкерлері халықтың рухани байлығын арттырып, әр адамның талантын, өнерін ашуға көмектеседі. Ұлттық мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа тәрбиелейді. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына, жас ұрпақтың мәдени, рухани дамуына үлес қосады.Рухани бай адам жаман жолға түспейді. Сондықтан , «Білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек», - деген Президент Жолдауын құптайтындарын білдірді .
Сондай- ақ, келер жылы аталып өтетін маңызды Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175жылдық мерейтойларын атап өтілетіндігі айтылды. Ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеу-мәдениет қызметкерлерінің басты парызы. Мемлекеттік тіл туралы да өте жақсы айтылды: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді»,- делінген. Ол үшін жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Мәдени іс-шараларды қазақ тілінде жүргізіп, ана тіліміздің дәрежесін көтеруіміз кажет.
Мәдени салаға көңіл бөлінсе, алдағы уақытта бұл саладағы азаматтар да еліміздің рухани жақсаруына өз үлестерін қосады деген сенімдеміз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане