Ел Президентінің халыққа Жолдауы тақыланды

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_37_37-2019_16.jpgӨткен аптада, нақтырақ айтсақ 2-ші қыркүйек күні ел Президенті Қ.Тоқаев халыққа «Сындарлы қоғамдық диолог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялады. Осыған орай, өткен аптада аудан әкімдігінде Жолдаудағы айтылған міндеттерді түсіндіру мақсатында автив өтті.


Аудан әкімі Қ.Испергенов төрағалық жасаған автивке аудандық мәслихаттың депутаттары, мекеме-ұжым басшылары, ауыл, кент әкімдері қатысты.
Алдыменен аудан әкімі Қуандық Хайдарұлы Президент көтерген мәселелерге тоқталып, оны жүзеге асыру жолдарына тоқталды. Бұдан кейін аудан әкімінің орынбасары Н.Манасова Жолдауда айтылған әлеуметтік салаларды дамыту мақсатындағы мәселелерге тоқталып өтті.
-«Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақстан тұрақты тәуелсіз мемлекетке айналды. Қазақстан Республикасының даму жолын "Назарбаев моделі" деген атаумен халықаралық қоғамдастық мойындап отыр. Біз жүйелі де дәйекті реформалармен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын ұстанатын боламыз. Қазір мемлекеттік органдар менің сайлауалды платформаларымды жүзеге асыру үстінде. Біздің жұмысымыз 5 институционалды реформа және ұлт жоспарын жүзеге асырудан басталмақ».- деген Президент, еліміздің дамуы мен тұрақтылығы арттыратын негізгі тетіктерді басты жолға қойды, - деген Назгүл Асқарқызы, Жолдауға айтылған бағыттарға орай аудандық мәліметтерді келтірді.
«Атамекен» кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалының төрайымы Н.Руднева Жолдауда айтылған шағын және орта бизнесті дамыту, микробизнестің ауқымын кеңейту, жас кәсіпкерлердің санын көбейту жөнінде білдірме жасады.
Автивті қорытындылаған аудан әкімі тиісті сала бсашыларына нақты тапсырмаларды беріп, міндеттерді жүктеді.
Сондай-ақ автик соңында аудан әкімі ағымдағы жылы болған Президенттік сайлауда белсенділік танытқан бір топ азаматтарды Қ.Тоқаевтың алғыс хатымен марапаттады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане