Өнегелі өмір иесі

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_39_39-2019_9.jpgЕл мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен жас ұрпаққа ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген жандардың орны ерекше.
Көп мамандықтар санасында есепші мамандығы ұқыптылыққа негiзделген жұмыспен, шексiз сандармен және шығармашылыққа жұтау болуымен байланысты.
«Еңбек еткен — мұратқа жеткен»- деген халық нақылы бүгінгі сөз еткелі отырған кейіпкеріміз, қадірлі апайымыз Орынкүл апайға арналады. Бүгінгі кейіпкеріміздің ерекшелігі сол – Орынкүл апайымыз 35 жыл бойы есепші болып, құрметке ие жандардың бірі.Соңғы жылдары мектепте қызмет атқарған, аяулы ана, ардақты әже болып, бір үйдің шаңырағындағы қуанышы болып отырған жан. Орынкүл апайдың есепші қызметі оның өмірімен етене үндесіп кеткен  деуге болады. Өз мақсатына табандылығы туралы көптеген жылы пікірлер көптеп кездеседі. Біздің ойымызша апайымыз қызметтік жылдарында жұмысын бәрінен жоғары қойған  тәрізді. Бүгінде Орынкүл апайымыздың 6 немересі бар. Апайымыздың айтуынша, ол жас кезінен еңбекке ерте араласып, қызмет ете бастаған. Сондай-ақ, көпжылдық тәжірибесі бар апайымыз мектеп оқушылары жайлы және білім саласындағы өзгерістер жайлы ойымен бөлісті. "Бұрынғы мен қазіргі оқушылардың көзқарасы, ойлау қабілеті өзгерген шығар. Бірақ баланың аты бала. Шыбықты түзу өсіргендей мәпелесе, сол тәрбие, сол білімді бала бойына сіңіруге болады. Қазір реформа көбейді, бірін меңгермей жатып, екіншісі келіп жатыр. Тіл үйрету жағдайы күрделенді. Экономика, бизнес біздің технологияның орнын басты. Білім сапасы төмен деген пікірмен келіспеймін. Егер деңгей төмен болса грантқа ие болушылар төмен болар еді ғой. Әрине, ауыл мектебінің хал-жайы белгілі. Президент жолдауындағы ауыл мен қала мектептерінің жайы туралы айтқаны жүзеге асса, ісіне адал мамандар болса деймін", - дейді Орынкүл апай. «Жас мұғалімдерге берер кеңесім: білім деңгейін көтеріп, заман талабына сай үнемі ізденісте болу қажет. Өз мамандығым туралы айтатын болсам, қажымас еңбекті талап етеді, есептерді жақсы біліп, тез игере білу кажет.Оның маңыздылығын сезіндіре білу қажет»,- деген кеңесін айтты апаймыз.
Өз саламыздың асылдарын кейінгі ұрпаққа танытып, үлгі-өнеге ету – біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Әрбір жаны жайсаң ұлағаттыларымыз өмір жолы мен жасаған еңбегі ел есінде мәңгі сақталып, болашақта алтын әріппен жазылған ұлттық мұраға айналатыны анық.
Орынгүл апай – аналық атын ұлықтап, бес баланы тәрбиелеп өсірген ана. «Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербейді» деген нақыл сөз осындай жандарға қарата айтылса керек.
 

Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане