Кеңестік қылышынан қан тамған зұлмат дәуір. Кең етек алған сатқындық. Бетіңе күле қарап, сырт айнала бере, көпе-көрінеу көрінген екіжүзділік. Көгершін пендеге жасалған қиянат. Жазықсыз жабылған жала. Торға түскен бейкүнә тағдыр. Біржақты айыпсыз тергеу. Күштеп мойындатуға тырысу. Шаш ал десе, бас алған зұлымдық. Заңсыз орындалған сот үкімі. Қыршын кеткен ғазиз ғұмыр...
Міне, осы көріністердің барлығы көрнекті жазушы, жазба әдебиетіміздің негізін қалаған жерлесіміз Бейімбет Майлиннің өмірін арқау еткен «Қаламгер» (Би-аға туралы тамшылар) спектаклінің тұсаукесерінде қамтылады. Облыстық қазақ драма театры биылғы 20-шы маусымашар шымылдығын бірегей тұлғаның бейнесін сомдаған қойылыммен бастап отыр.
Қазақ даласындағы тұңғыш дыбыстық «Амангелді» фильмінің сценарийін жазып, сол көркем туындының түсірілімін енді аяқтап келген жазушы-драматург «үштіктің» құрығына ілініп, қамауға алынғаны аян. Тергеу өкілдері де Би-ағаның шыққан тегінен ештеңе таба алмады – бай тұқымынан емес. Қызмет бабында да кілтипан жоқ – ол мансап қуған жан емес. Тек бір ғана сылтау – шығармалары арасынан жарлы-жақыбайлар өмірін суреттегені. Шолақ белсенділердің ойынша кедейлер тағдырын дәріптеуге болмайды – келешек кеңестік жастардың санасына кері әсерін тигізеді. Майлиннің 58 баппен ату жазасына кесілуіндегі негізгі айып та – осы.
Би-ағаның тар қапасқа түсіп, жарты жыл азап көре жүріп, талай қисынсыз сұрақ астына алынғанымен қатар, әке-шешеден ерте айырылып, әжесінің бауырында өткізген бала шағы, жан жары Гүлжамал екеуінің отбасылық дәурені – бір жарым сағаттық драмаға сыйып кеткен шебер сахналық көрініс. Тіпті, жазу үстелінде отырып, Гүлжамалдың қытығына тиіп, оның шамданғаны арқылы шығармадағы әйел кейіпкерінің образын суреттейтін эпизод та жоқ емес.
Бейімбет Майлинге жазадан құтылу үшін алдында екі жол тұр – біріншісі, өзінің халық жауы емес екенінен танбау, екіншісі, тергеуші көрсеткен өзі қатарлы зиялы қауым өкіліне сатқындық жасап, «үкіметке қарсы» деген куәлік беру.
Басты кейіпкерлерді театрдың жас актерлері Нұрлан Байшин (Бейімбет Майлин), Қымбат Әуезханова (Гүлжамал)сомдаса, бала Бейімбет бейнесінде – Әлижан Бек. Шара Мүсілова, Мейрам Жапаров, Ажар Шәкіржанова, Бақытжан Таңатқанұлы, Олжас Бегайдаров, Нұрлыбек Кенжеахметов, Төленді Әлғожин, Ерхан Барақов, Диана Тұрсынова, Ғабит Қызыровтар өздеріне жүктелген рөлдерді шеберлікпен алып шыққан.
- Биыл Би-ағаның 125 жылдық мерейтойында қайраткердің құрметіне арнап көрерменге қойылым тарту етпегеніміз біз үшін үлкен сын. Бұл – ұлы жазушының алдындағы парызымыз. Драмада кейіпкердің ішкі дүниесіне көбірек үңіліп, адами тұрғыдан көрсеткіміз келді. Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Сәдір жазда Би-ағаға арналған мүшәйраға келген кезде өзінің жазған туындысын ұсынды. Міне, содан бастап бірегей тұлғаның бейнесін сомдап шығару идеясы туындады. Сценарийі құрастырылып, соңғы бір ай көлемінде шығармашылық ұжыммен сахнадағы дайындықтарды өткіздік, - деді қойылым режиссері Әлия Баймахан.
Маусымашарда құттықтау лебізін арнаған облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов туынды сәтті шыққан деді. Ал арнайы келген қайраткердің ұрпақтары әрі Бейімбет Майлин қорының өкілдері «Қаламгер» (Би-аға туралы тамшылар) спектаклін Қазақстанның өзге де өңірлерінің үлкен сахналарында көрсетсе деген ұсыныстарын білдіріп жатыр. Өнер қарашаңырағына келіп, тұсаукесерді тамашалаған көрерменнің ұзақ уақыт шапалақ соғып, айрықша қошемет көрсеткенінен-ақ қойылымның қаншалықты жоғары деңгейде өткенін аңғару қиын емес.
11.07.2025 07:41
5 июля состоялась XXXVI районная спартакиада - одно из самых значимых спортивных событий года. В этот раз почётную миссию принять...
11.07.2025 07:34
4 июля 2025 года в г. Кокшетау прошёл третий полуфинал республиканского шахматного турнира «Senat Open». Соревнование объединило 136 участников из...
11.07.2025 07:30
В Доме культуры им.Е.Умурзакова 4 июля состоялась торжественное мероприятие, посвященное Дню столицы – Астаны. В концертной программе: музыкальные и танцевальные...
11.07.2025 07:24
2025 жылғы 6 шілде күні Тобыл кентінің Ұлт рухы аллеясында Астана күні мен Ұлттық Домбыра күніне арналған салтанатты шара өтті.Еліміздің...
10.07.2025 12:00
Металлург – бұл жай ғана мамандық емес, бұл – үлкен төзімділікті, қажырлы еңбекті, біліктілікті қажет ететін ауыр кәсіп. Металлургия –...
10.07.2025 09:54
Маусым айында Қамысты ауданында бұрын-соңды болмаған ерекше бастама – «Бабалар ізімен» атты тың жоба өз жорығын бастады.Бұл рухани экспедицияның басты...
10.07.2025 09:39
С целью популяризации занятием спорта, поддержки здорового образа жизни и укрепления семейных ценностей среди сотрудников государственной службы в спортивном зале...
10.07.2025 09:34
4 июля текущего года на сцене районного Дома культуры в рамках торжественного мероприятия, посвящённого Дню столицы Республики Казахстан, состоялось чествование...
10.07.2025 08:56
Глава государства посетил штаб-квартиру СВМДА в АстанеПрезидент Казахстана принял участие в торжественной церемонии открытия штаб-квартиры Совещания по взаимодействию и мерам...
10.07.2025 08:53
Тишина. Напряжённые взгляды. И только щелчки шахматных часов прерывают звенящую концентрацию… В районе Беимбета Майлина состоялся второй по счёту открытый...
10.07.2025 08:45
В преддверии Дня столицы в районном Доме культуры имени Елубая Умурзакова состоялся торжественный концерт «Елімнің жүрегі – Астана». Праздничное мероприятие...
09.07.2025 07:23
1 шілдеден бастап үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау мақсатында жыл сайын өткізілетін конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталды.ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы ұйымдардың...
09.07.2025 07:19
1 июля начался прием заявок на ежегодный конкурс по присуждению премии для неправительственных организаций.Премия для НПО направлена на предоставление институциональной...
03.07.2025 13:32
Жазғы демалыста №2Тобыл жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жұмаділ Арыстан Арманұлы Қазақстанның елордасы – Астана қаласына сапарлады.Бұл сапар оның есінде...
03.07.2025 13:28
Жақында Әнкей Аманжол Нұрболатұлы өзінің інісі Әділ, қарындасы Айару және анасымен бірге еліміздің жүрегі – Астана қаласына саяхаттап қайтты.Бұл сапар...
03.07.2025 13:26
6 июля в Казахстане празднуется День столицы (День Астаны). Этот государственный праздник отмечается ежегодно и посвящен переносу столицы из Алматы...
03.07.2025 12:45
В завершении прошлой недели 27 июня в селе Береговое состоялось по-настоящему важное событие - открытие пожарного поста в рамках республиканской...
03.07.2025 12:40
В конце июня в Казахстане традиционно отмечается День работников средств массовой информации - праздник всех, кто трудится в газетах, на...