Би ағамыздың атындағы мектеп

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_45_45-2019_4.jpg2019 жылы Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Таран ауданына қазақ әдебиетінің біртуары, даңқты жерлесіміз Бейімбет Майлиннің есімі берілген болатын, енді, міне, Рудныйдағы №7 мектеп-гимназиясы да Би-ағаның атын иеленіп отыр.


2019 жылдың 23 қазанында көркемсөздің хас шебері, қазақ әдебиетінің алыбы,драматург,публицист Бейімбет Майлинге №7 мектеп-гимназиясында Би ағаның немере, шөбересінің қатысуымен ескерткіш тақта орнатылады. Және шара аясында ұжымның көптен күткен оқиғасы – Майлин атындағы мұражайдың да тұсауы барша ұйымның алдында кесілді. Бүгінгі таңда №7 мектеп-гимназиясы тамаша бастамаға қадам жасады. «Алдағы уақытта бұл жер қаламгер жайлы тың деректер мен құнды жәдігерлерге толыға түсіп, Би ағамызға арналған фильмдер түсіріліп, мұражайымызды толықтырамыз,»- дейді Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы директоры Қымбат Бірманова. Мектеп директоры 15-ші қараша күні Би ағамызға арналған қалалық айтысты да өткізетіні туралы айтып кетті.
Айта кетейік, Қостанай облысында бұған дейін тек Арқалық қаласы мен Бейімбет Майлин ауданында Би-аға атында мектептер болды. Енді жерлесіміздің 125 жылдығы қарсаңында бұл тізім толыға түсті.
- Алыстан арнайы келген қонақтар, жазушының жиен немересі Дәметер Сейітжанова, Бейімбет Майлин атындағы қордың негізін қалаушы, әрі оның шөбересі Салтанат Мұстафина, көсемсөзші-журналист Ақылбек Шаяхмет, ақын, Ыбырайтанушы ғалым Серікбай Оспанұлы мектеп қабырғасына орнатылған ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына қатысты. Серікбай ағамыз мектеп ұжымына алғысын білдіріп, табысты да жемісті жұмыс тіледі. Бүгінгі таңда алдымызға қойған мақсаттар өте көп. Би ағамызға арналған мектеп ішіндегі мұражайымызды кеңейтіп, рудныйлықтардың рухани қазығына айналдыруға тырысамыз,- дейді Қымбат Бірманова. Оған қоса, мектеп оқушыларымен ашық сабақтар өткізіп, Би ағамыз туралы балаларға ақпарат беріліп, білімдерін кеңейтіп отырады.
Инновациялық білім ордасы Бейімбет Майлин атауына әбден лайық екендігін айтып, мектеп ұжымына шығармашылық шабыт пен биік жетістіктер тілейміз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане