- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 31.10.2019 08:14
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 1449
Әлеуметтік сала - мемлекеттің ең маңызды саласы. Бiздiң мемлекетте қарттар мен мүгедектерге, мүгедек балаларға, өмiрлiк қиын жағдайдағы отбасыларға үлкен көңiл бөлiнедi.
Жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісі Әлеуметтiк қызметкерлер күнi. Бұл- жалғызбасты қарттарға, мүгедек балалардың және басқа да азаматтардың мұң-мұқтажына бейжай қарай алмайтын мейiрбан жандардың мерекесi.
- Біздің бөлімшеде әлеуметтік қызметкер атағын абыроймен алып жүрген, өз жұмысына шын ықыласпен кірісетін жандар еңбек етеді. Олардың қартайған кісілерге деген жанашырлығын ерекше атап өтуге болады,-дейді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Галина Филиппова.
8-ші қазан күні аудандық Е.Өмірзақов атындағы мәдениет үйі қабырғасында әлеуметтік қызметкерлер күні аталып өткен болатын. Бұл кештің басын құттықтау сөзбен аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанна Жұмабайқызы Қалимова бастады. Мерекенің салтанатты сәті осы қиын, бірақ қажетті кәсіптегі үздік қызметкерлерді марапаттау болды. Әрі мереке мәдениет үйінің өнерпаздарының әсем әуендерімен, күмбірлеген күйлерімен жалғасын тапты.
- Біз көшеден мүмкіндігі шектеулі немесе көмекке зәру адамды көрсек, оларға аянышпен қараймыз. Ал, әлеуметтік қызметкер сол жандармен бірге біте қайнасып өмір сүреді. Олардың өміріне етене араласып, жалғызбасты қарияларға, І, ІІ топ мүгедектеріне, мүмкіндігі шектеулі балаларға, жүйке жүйесі дертіне шалдыққан жандарға көмек көрсетеді. Сондықтан осындай «ержүрек» адамдарға әсем ән, жақсы көңіл-күй сыйлауға әрқашан да дайынбыз дейді,- мәдениет үйінің директоры Бақытгүл Көшербайқызы.
Бұл қызмет тек қана кең жүректі, өзінен гөрі өзгеге болсын дейтін адамның ғана қолынан келері анық. Қызметте болсын, жеке өмірде, жалпы айналамызда осындай мейірімді адамдардың көп болғаны қандай ғанибет...!