Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_7_7-2020_8.jpgАуған соғысы 10 жылға жуық созылған ең ұзақ та қайғы-қасіретке толы соғыстардың бірі болып тарихта қалды. Бүгінде аталмыш соғыста ерен ерлік көрсеткен Кеңестік батырлар туралы ұрпақтан ұрпаққа айтылатын дастандар жетерлік.
14-ші ақпан күні Ауған соғысы ардагерлерін құрмет тұтуға арналған кеш Е.Өмірзақов атындағы мәдениет үйінде өтті.
Аталмыш шараға аудан әкімі Қ. Испергенов қатысып, өз лебізін білдірді.


Қазақстаннан Ауған соғысына 22 мың адам қатысып, олардың 761 қаза тапты, 22 адам хабарсыз кетті. Қостанай өңірінен интернациналдық борышын өтеу үшін 1864 әскери қызметшілер, 87 қызмет етушілер шақырылып, оңын 44 қаза тапты, екеуі хабарсыз кетті. Бейімбет Майлин ауданынан 80-нен астам адам сол соғысқа қатысты, үшеуі туған жеріне оралмады. Бұл кеште ауған соғысының ардаргері Вениамин Анатольевич Санитаровтың анасы Надежда Ивановна Санитарова болды. Анамыз ұлы Вениаминді есіне алып, көзіне еріксіз жас алды.
1989 жылы ақпан айының 15 жұлдызында аналарды перзентінен айырған,мыңдаған жерлес-бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де қайғылы Ауған соғысы аяқталды. Жылдар өткенімен интернационалист-жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда.Біз-еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал ақтаған азаматтар деп құрмет тұтамыз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане