«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_13_13-2020_4.pngМемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған республикалық «Біз біргеміз» акциясының аясында Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының қолдауымен халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына коронавируспен күрес кезінде қолдау көрсетуді жалғастыруда.


Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты “Nur Otan” партиясының аудандық филиалы да “Бақытты отбасы”, “Ардагерлерді ардақтайық” партиялық жобалары аясында “BizBirgemiz” акциясын өткізді.
Осылайша, аудандық партия өкілдерімен бірге, ауылдық округтермен қоса, кәсіпкерлер, ЖШС басшылары өз көмектерін аз қамтылған 60-қа жуық отбасылар мен көпбалалы аналарға және жалғызбасты қарияларымызға қысылтаяң шақта көмек қолын созды.
Айта кететін болсақ, «Б.Майлин атындағы» ЖШС қазіргі таңда 18 азық-түлік пакетімен отбасыларды қамтамасыз етті. Бұл істерін әлі де тоқтатпақ емес. «Викторовское» ЖШС өз көмектерін 6 отбасыға көрсетті, сонымен қатар, ауданымыздағы жеке кәсіпкерлер, атап айтсақ, Э.Тахмазова, М.Купфер, О.Мутасова, Д.Мартин, А.Мартин, Т.Гадляускас, Н.Гусейнов, К.Халикова өз көмек қолдарын созды.
«Жалғызбасты қарттарға, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен басқа да мұқтаж жандарға әлеуметтік пакеттерді байланыссыз үлестіріп беруге ерікті түрде атсалысып жүрген «Jas Otan» волонтёрлері мен белсенді нұротандықтарға алғыс айтамын»,-дейді аудандағы партия төрағасының бірінші орынбасары Жанна Калимова.
«Nur Otan» партиясы халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына коронавируспен күрес кезінде қолдау көрсету жұмысын әлі де жалғастырады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане