Тобылда жәрмеңке өтті

26 қырқүйек күні Тобыл кентінде теміржол вокзалы алаңында алғашқы күзгі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті.
Онда жеке шаруа қожалықтарының, жеке кәсіпкерлерінің үлкен ассортименті ет өнімдерін, сүт өнімдері, көкөністер, әр түрлі балық және басқа да сұранысқа ие өнімдер әкелінді. Жалпы 3.1 млн. теңге сомасында 14 тонна өнім жеткізілді. 15-20 пайызға төмен бағада ұсынылды. Жәрмеңке қыркүйек айының соңғы жетісі «Еңбек күні» және «Қарттар күні» мерекелеріне арналды. Алаңда аудандық Мәдениет үйі мен Тобол кенті «Думан» Мәдениет үйі өнерпаздарының орындауында музыкалық әндер шырқалды. Өнер саңлақтарының қостауымен сауда қызу өтті. Барлық санитарлық шаралар қатаң сақталды.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане